Мектеп жасына дейінгі балаларды мнемотехниканы қолдану арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету»
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту әдістемесінің негізі ерте қаланған болатын. Десекте бүгінгі күн талабына орай әдістемені жетілдіру жолдары жан-жақты қарастырылуда. Сөйлеуді дамыту әдістемесіне педагогикалық ықпал жасау өте күрделі іс. Балаларды қоршаған өмірдегі саналуан оқиғалар туралы өз ойын байланыстырып, бірізді, грамматикалық тұрғыда дұрыс жеткізе білуге үйрету қажет. Осыған орай сөйлеуді дамытудың жаңаша жолдарын қарастыру қажетті туындап отыр. Бүгінгі шығармашылық тақырыбымызға байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесіне арналған мнемотехникалар арқау болды. Көздеген мақсатым: мектеп жасына дейінгі балалардың мнемотехниканы қолдану арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесін жетілдіру жолдарын қарастыру. Алға қойған міндетім:
- мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту әдістемесі бойынша байланыстырып сөйлеу міндетін жүзеге асыру;
- мнемокесте - тірек сызбаларды қолдану арқылы сөйлеуді дамыту ҰОҚ-нің тиімділігін арттыру.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту әдістемесінің негізгі міндеттерінің бірі байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Байланыстырып сөйлеудің әдістері – қайталап айту мен ойдан шығарып айту. Бағдарламалық мазмұны негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, әңгіме не ертегі мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту шеберлігін қалыптастыру. Олай болса осы әдістермен бағдарлама мазмұнын жүзеге асыруда мнемотехниканың маңызы зор. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту сөйлеуді дамыту әдістемесінің өзекті мәселесіне айналып отыр. Мнемотехникалар байланыстырып сөйлеуге үйретудің таптырмас құралы. Ал мектеп жасына дейінгі балаларға көрнекі-ойлау тән. Сондықтан балабақша тәжірибесінде мнемотехниканы кеңінен қолдану қажет. Тақырыптық өзектіліг неде? Шығармашылық жұмысымда: Балабақшада балалардың байланыстырып сөйлеу деңгейлері бақыланды. Балалардың сөйлеу, сөйлем құраудағы кемшіліктері айқындалды. Бұл кемшіліктер берілген ертегі не әңгімені баланың толық не жүйелі жеткізе алмауы болып табылады. Міне, тақырып өзектілігі осы мәселеден туындады. Осыған орай балалармен жұмыс жүргізуде мнемокестелерді пайдаланып байқап көруге тура келді. Сол себепті мнемокесте үлгілері дайындалды, іс-тәжірибеде қолданылды. Мнемокестелер өлең-тақпақтарды жаттату, сондай-ақ қоршаған әлемдегі құбылыстар мен заттарды сипаттау алгоритмін көрнекі түрде ұсыну мақсатында құрылуы мүмкін. «Күз» туралы мнемокесте арқылы өлең-тақпақ жолдарын тез есте қалдырып, жеңіл жаттатуға болады.
Терезеден мазалы
Қайың мен терек қарады,
Жапырақтың тарсылы
Барабандай болады,
Төбесінен үйімнің
Құстар ұшып барады.
Мнемотехниканы барлық білім беру саласында оңтайлы қолдануға болады. Мнемотехника балалардың байланыстырып сөйлеуді меңгеруін жеңілдетеді. Мысалы, «Ойыншық» тақырыбында сипаттау әңгімесін құрастыруға болады. Ол үшін ойыншықтың түсі, оның формасы, көлемі, бөлшектері, қандай материалдан дайындалғандығы және қалай ойнауға болатыны туралы кесте арқылы нұсқау көмек беріледі. Сондай-ақ, баланың ертегіні қайталап әңгімелеп беруі үшін де мнемокестелер жақсы көмекші бола алады. Ертегіні әңгімелеуге қиынсынған не жасқаншақ балаларға жетекші сұрақтар қоя отырып байланыстыра сөйлеуге үйретуге болады. Күтілетін нәтиже:
Мнемотехниканың дидактикалық материалы белгілі бір ақпарат жасырылған сызбалар болып табылады. Сонымен қатар, мнемокестені қолдану арқылы тапсырмаларды балалардың білім деңгейіне байланысты құрастыруға да болады. Шығармашылық жұмыс бойынша балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытуға арналған мнемокестелер дайындалды және жұмыс барысында қолданылды. Балалардың байланыстырып сөйлеу деңгейлері бақыланды. Балалардың сөйлеу, сөйлем құраудағы кемшіліктері айқындалды. Осыған орай балалармен жұмыс жүргізуде мнемокестелерді пайдаланып байқап көруге тура келді, балалардың бастапқы және мнемотехниканы қолданғаннан кейінгі байланыстырып сөйлеу деңгейлері анықталды. Жүйелі жүргізілген жұмыстың нәтижесінде мнемотехниканың тиімді екендігі айқындалды. Көрсеткіштен байғанымыздай, мнемотехниканы қолдану арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін жетілдіруге болады. Кез келген тұлғаның әлеуметтік ортада өзін еркін сезініп, байланыстырып сөйлеу арқылы ойын толық жеткізе білуі сөйлеу мәдениетінің көрінісі болып табылады. Осы тұрғыдан мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде мнемотехниканы қолданудың маңызы зор. Мнемотехникаларды толықтырып, жан-жақты ұтымдылықпен қолдана білу педагогтың шығармашылық ізденісі, педагогикалық шеберлігі ретінде танылады. Өйткені мнемотехника балаларға түсінікті, қолдануға қолжетімді дидактикалық материал.