Балабақшаның жылдық жоспарын жүзеге асыру аясында, ZOOM платформасы арқылы интернет желісін қолдана отырып, онлайн режимінде «Мектепке дейінгі ұйымда «Шығармашылық» білім беру аймағының ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыру және жүргізу негіздері» атты педагогикалық сағат өтті. Конференцияны ұйымдастырған және өткізген тәрбиеші О.Корниенко. Осындай жұмыстарды ұйымдастыру біздің балабақшада тәжірибеге алынған. Тәрбиешілер балалардың бойында жаңа техниканы қолдана отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту, балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және балалардың шығармашылық қызметке деген қызығушылығын арттыру үшін жаңа материалдарды пайдалану туралы пайдалы ақпараттар алды.