Текст
Мастер класс "Жаңа жылдық ойыншық"
Мақсаты: ата аналарды жаңа жыл мерекесіне арналған ою-өрнек ойыншығын жасау үлгісімен таныстыру.
Қажетті құрал - жабдықтар: түрі-түсті қағаз, жай қарындаш, желім және қайшы.
Қағазымызды бірнеше бүктеу арқылы тіктөртбұрыш жасап артығын қиып тастаймыз.
Қағазымыздың үстінен қажет өрнегімізді сызып, артығын қиып тастаймыз.
Шыққан өрнекті ашып, бұрыштарын желімдейміз.
Әдемі өрнегіміз дайын болды.