Текст
Жыл бойы балабақша қызметкерлері қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы өткізген байқауларға қатысты: «Екі жұлдыз» - қалалық кезеңде Гран-при, облыстық байқауға қатысу, «Үздік кәсіподақ ұйымы - 2022» - 3 орын. Сондай-ақ, 2022 жылғы белсенді жұмысы үшін кәсіподақ мүшелері қалалық, облыстық және республикалық маңызы бар Алғыс хаттармен марапатталды. Ұжымдық шарт талаптары орындалып, қызметкерлер жылына екі рет медициналық тексеруден өтіп, «Сосновый бор», «Сарыағаш» санаторийлерінде демалуда. 2022 жылдың соңында кәсіподақ комитетінің жұмысы «жақсы» деп танылды.