Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының “Балдырған” №2 балабақшасы” МКҚК
ГККП «Детский сад №2 «Балдырған» города Степногорск при отделе образования по городу Степногорск Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сюжетті-ролдік ойын мектепке дейінгі балалардың, ересек адамдардың мамандықтары туралы түсінігін қалыптастыру құралы ретінде

 Біздің мектепке дейінгі ұйымның тәжірибесінде, балалардың ересек адамдардың мамандықтары туралы түсінік қалыптастыруға ықпалын тигізетін белгілі бір әдістер жиынтығы жинақталған. Бұған саяхат, әңгіме, балалар көркем әдебиетін оқу,  әртүрлі мамандықтағы адамдардың іс-әрекеттерін бақылау, әртүрлі материалдармен тәжірибе жасау және де әрине ойын кіреді. Сондықтан да, ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ересек адамдардың мамандықтары туралы түсінігін қалыптастырудың негізгі құралы болып табылады. Балаларды ересек адамдардың кәсіптерімен тікелей таныстыратын негізгі ойын түрі – ол сюжетті-рөлдік ойын. Сюжетті-рөлдік ойында балалар ересектер әлемін ойнайды. Онда олар қиялындағы жағдайды жасайды, айналасындағы бейнелерді сомдайды, өздері жасаған рөлдерді өз орталарында ойнайды. Сюжетті-рөлдік ойынның негізгі басты ерекшілігі – ол балалардың тәуелсіздігі. Олар ойын тақырыбын өздері таңдайды, сюжеттік желілерді анықтайды, рөлдерді алады, оойынның қай жерде орналасатынын шешеді. Сонымен қатар, балалар өздерінің бейнелерін құруға еркін таңдау жасай алады.  Бұндай ойын өз жоспарларын жүзеге асыруға қиял мен еркіндік әлемінің бір бөлігі сияқты сезінуге, нақты бір өмірде оған жақын арада қол жеткізуге болмайтын кез-келген мамандыққа үйренуге мүмкіндік береді. Ойынның мазмұны ересектердің кәсіби қызметінің енгізі себептері мен мақсаттарын жүзеге асыруға көмектеседі.

 

Жаңартылған күні: 20.06.2020 21:31
Құрылған күні: 29.06.2020 13:48

Текст