Ата – аналарға арналған мастер-класс
«Аяз атаны туылған күнімен құттықтаймыз»
Мақсаты: ата – ана баланың бос уақытын тиімді пайдалануға және қол өнерін дамытуға ат салуға бағыттау.
Керекті материалдар: Түрлі түсті фломастер, желім (ПВА), қайшы, қант, стақан, ақ түсті қағаз, көк түсті қатты қағаз, қарындаш.
Құрметті ата-аналар, бұл жұмысты балаларыңызбен жасау барысында, балаларыңыздың сыйқырға, ғажайыпқа деген қызығушылығын ашасыз. Сонымен қатар ұсақ қол моторикасын дамытып, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелей аласыз. Сіздерге сәттілік, жұмыс нәтижесімен бөлісіп, жазба қалдырсаңыздар болады.
Қажетті құралдарды дайындап аламыз.
Стақанның бетімен бірдей қылып, қағазды қийып аламыз.
Шырша мен аққаланың суретін салып, бояп аламыз.
Дайын болған суретті қиып алып, жапсыра бастаймыз.
Стақанның жиегіне желім жағып дайындаймыз.
Стақанның ішіне қант салып, дайын болған суретімізбен жабамыз.
Міне, жұмысымыз дайын.