№2 «Балдырған» балабақшасында 2020ж 28-ші қыркүйектен бастап 09 қазанға дейін «Психология онкүндігі» өтті.
Мақсаты:
Білім беру процесінің барлық қатысушыларының: мұғалімдердің, ата-аналардың және балалардың психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау.
Тапсырмалары:
- педагогтармен ата-аналардың психологияға деген қызығушылықтарын арттыру;
- білім беру мекемесінде оңтайлы психологиялық орта құру;
- ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымда оңтайлы микроәлеуметтікті құруға тарту;
- ББМ ата-аналардың және педагогтардың психологиялық құзіреттілігін арттыру;
- тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулықтарын қолдау..
Онкүндік барысында келесі шаралар өткізілді:
1. Балабақша ата-аналарымен және балалармен «Көңіл-күй кемпірқосағы» атты акция өткізілді.
Акция мақсаты: өзіңізге, өзіңіздің көңіл-күйіңізге деген қызығушылықты ояту және оны басқаларға қалай әсер ететінін білу, балалардың эмоционалды жағдайын бақылау. Ежелден бері кемпірқосақ ерекше бір сәттіліктің символы ретінде саналып келеді. Аспандағы әртүрлі түстес жарқыраған доғаны көрген жандардың бәрінің көздерін қуантып, көңіл-күйлерін көтеріп, проблемалар мен уайымдарын бір минутқа болса да, ұмытып кетуге мүмкіндік береді. «Егер таңертеңгілік аспанда кемпірқосақ жарқырап тұрса, онда сол күні бәрі оңай және бақытты болады» дейтін қарт адамдар.
2. Балабақша қызметкерлер арасында «Сізге жанашырлық тілеймін» эстафетасы.
Мақсаты: ұжымның оңтайлы психологиялық климатын құру.
Шара барысында қызметкерлерге қағаз жүрекше ұсынылды, оған олар өз жылы тілек, лебіздерін жазу керек болды, эстафета соңында барлығына лебіздер жазылған конверттер табысталды.
3. «Мен қуанышты сәттерді саламын» атты балалардың суреттер байқауы болды.
Мақсаты: өз сезімдеріне шоғырландыру арқылы, оларды түрлі-түсті етіп бейнелеуге үйрену, эмоционалды фонды жақсарту. Негізінде балаларды қуанышқа бөлейтін себептері көп екен: достарымен ойнау, күзгі орманда серуендеу, тәттілердің барлық түрлері, ауа райының жақсы болуы, достар мен отбасылардың мүшелерінен сыйлықтар алу, «отбасы мүшелерінің бірге болуында», аспандағы кемпірқосақ, үй жануарларымен ойнау және тағы басқалары!
4. Барлық топ ата-аналарына: «Егер балаңыз сізді алдаса», «Балалардың қыңырлығы» туралы кеңестер дің барлығы балабақша сайттарында жарияланды және де ата-аналар Whats App чаттарына да жіберілді.
Мақсаты: ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі психологиялық құзыреттілігін арттыру.
5. «Мен сенімен дос болғым келеді» тренингісі орта топтарда өтті.
Мақсаты: бір-біріне деген сүйіспеншілік, достықтың көрінісі, балаларды біріктіру, жағымды эмоционалдық тәжірибе жинақтау, команда құру.
Біздің ең кішкентай тәрбиеленушілеріміз бір-бірімен қалай қарым-қатынас жасауды енді ғана үйренуде. Бұл қадамда оларға психолог, тәрбиешілер және де сүйікті ойыншықтары көмектеседі. Аю мен қоян бір –бірімен татуласқысы келмейді және біздің балалар оларды достасуға үйретеді.
6. Ересек топ балаларымен «Менің сүйікті балабақшам» викторинасы өткізілді.
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың балабақша туралы білімдері мен идеяларын жинақтау және жүйелеу; қызығушылықты, басқа балаларға деген мейірімді қарым-қатынасты, викторинаға қатысуға, бәсекеге түсуге деген ықылас пен қабілетті тәрбиелеу. Викторина барысында балалар балабақшадағы өмірлері жайлы өз білімдерін жеткізе білді, назарлары мен жадыларын дамытты, жұмбақтар шешті.
7. Мектеп алды топ балаларымен «Менің эмоцияларым» атты тақырыптық сабақ өткізілді.
Мақсаты: балаларды эмоциялар әлемімен таныстыру және өз эмоцияларын дұрыс түсіндіре білуін, жеткізе білуіне арнап жағдай жасау.
Сабақта балалар кірпіні жауыз сиқыршы Грустиплачтің қамалынан құтқарып алуға көмектесу үшін саяхатқа аттанды. Олар барлық тапсырмаларды тамаша орындап шықты, жаман көңіл күйді ысыруды үйренді және кірпіні үйіне қайтарды.
8. «Даналық ағашы» акциясы
Мақсаты: балаларды тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналардың психологиялық құзіреттіліктерін арттыру . Акция барысында ата-аналарға қысқаша және актуалды түрде әлемнің ағартушыларының теңдесі жоқ мәлімдемелері жазылған қағаздар ұсынылған болатын.
9. Балабақша тәрбиешілерімен «Тәрбиешіге қалай ата-анамен сенімді қатынас жасауға болады» деген тақырыпта педагогикалық сағат өткізілді.
Мақсаты: ата-аналармен өзара байланыста болу үшін тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Педагогикалық сағат барысында тәрбиешілер ата-аналармен қарым қатынас жасаудың әдістерін үйренді, ауызша емес қарым-қатынас құралдарын және өз ара әрекеттеу і құралдарын қарастырды, балабақша өмірінің жағдайын сипаттады.