Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының “Балдырған” №2 балабақшасы” МКҚК
ГККП «Детский сад №2 «Балдырған» города Степногорск при отделе образования по городу Степногорск Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қыс туралы тақпақтар

14.02.2019

Алғашқы қар

Айналаға қараймын алақгап,

Теректер,қайындар,

Дала аппақ.

Үйлердің төбесі,

Жолдар мен қырлардың,

Шьшдардың бәрі аппақ.

Көзімді аша алмай қалғаным,

Аппақ-ау, аппақ бұл жан-жағым Қарашы,

Тонғасын бәрінің

Ақ қарға оранып алғанын!

Шықпай қалды дыбысы

Тындамады апасын,

Тындамады атасын,

“Суық емес”, — деді де,

Қарды асап жеді де,

Тарылды Гүлнәр тынысы,

Ертеңіне шықпай қалды дыбысы!

Қайдан келді Қар жауды да алғашқы,

Әуе мен жер жалғасты.

Аппақ, аппақ ақ мамық —

Жердің бетін қар басты.

Бұтағына тұрса қар,

Иіледі шыршалар.

Таңданады балалар:

“Қайдан келді мұнша қар?!

Салқындаса ауа тым,

Бұлт қой кар боп жауатын.

Куантып елді,

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдым

Бір жасқа енді.

 

 

 

Қыс мезгілі Аппақ ұлпа -әбден қыс төгуде,

Жазғы әуен жоқ, қалмапты құс белімде…

Қалмапты құс… құрғыр қыс қам жасауда

Жер-көкті «ақтап”, кемі үш ай түстенуге.

Қарсы аламын,

Қош келіпсің, қыс-қаңтар!

Жердің аппақ омырауын қушқан қар.

Жіберді ме сәлемдеме шашу қып

Жерден кеше көтеріліп үшқандар

Сусып жерге түстің бе, аяз-құшақтан,

Қушақ жая қарсы аламын, қыс-ақпан!

Турағы жоқ жолаушыдай сар желіп,

Тағы да ете шығасың-ау, түс аттан!

Аппақ әлем!

Бұл дағдыдан тыс айшық

Бірақ баудың бастамады құсы айтьіс,

Үнсіздікте үздік создық жауды қар…

Сұлулығың тіл байлады, үш ай-қыс!

Аяз

Мұз қатыра аласың,

Сен сурет те саласың.

Бәрі мұның жақсы ғой,

Неге тентек боласың?!

Баламысың кішкене,

Сен тентектік істеме!

Сүйсең мейлі, сүйе бер,

Бетімізден тістеме!

Просмотров: 3334


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст