-Балаңызбен балабақшада да,үй де байыпты әрі сенімді сөйлесіңіз .
-Баланы балабақшаға таңертең кім тыныштандырып қалдыра алатын болса, сол ата-ана немесе туысы әкелген жөн. Бала да тез көніп, балабақшада сенімді түрде қалатын болады ;
-Балаңызға балабақшадан оны алып кететініңізді және қашан әкететініңізді анықтап айтқаныңыз дұрыс;
-Баланы балабақшаға алып келгеннен кейін, онымен кешке дейін қоштасуда белгілі бір әдіс ойластырғаныңыз жөн, балаңыз да өзіңіз де сенімді боласыз;
-Балабақшаны немесе тәрбиеші апайды айтып баланы қорқытпағаныңыз абзал. Мысалы : «Егер бұзық болсаң немесе мені тыңдамасаң ,балабақшаға апарып тастаймын, өзің жалғыз балабақшада қаласың немесе тәрбиеші апайыңа айтамын»;
-Баланың балабақшаға немесе тәрбиеші апайға деген сенімін жоғалтып, қорқынышты мысал ретінде көрсетпей, жоғарыда айтылған сөздермен қорқытпаңыз;
-Балабақша немесе онда қызмет ететін тәрбиеші педагогтар жайлы теріс пікір айтпағаныңыз дұрыс;
-Балаңызды жақсы көріп, еркелеткеніңіз дұрыс, дегенмен сізді, айналадағы адамдарды сыйлап, өрескел қылық жасамауын қадағалағаныңыз дұрыс. Себебі, еркелік деп жүргеніңіз оның әдетіне, кейін мінезіне айналары сөзсіз;
-Баланы алдамай, өз сөзіңізде тұрғаныңыз жөн;
-Балаңыз үшін уайымдап, алаңдамаңыз, балаңызды қолдап, жылы сөздеріңізді,сүйіспеншілігіңізді аямаңыз.