Мектепке дейінгі кезеңде жалпыадамзаттық құндылықтарға сәйкес баланың жеке тұлғалық мәдениетінің негіздері қаланады. Сондықтан баланың бойына туған - туысқандары мен жақын адамдарына сүйіспеншілік, айналасындағы жанды - жансыз дүниеге қайырымды көзқарастары мен сезімталдық сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастыру аса маңызды.
Жеке тулғаны қалыптастыру үрдісі адамгершілік, еңбексүйгіштік, ізеттілік, шыншылдық, жауапкершілік, әдептілік, т.б. адами қасиеттерді дамытуды көздейді. Психологтердің пікірінше, тұлғаның толық қалыптасып жетілуі салыстырмалы түрде кеш байқалғанымен, адамның қоғамдық мәнін сипаттайтын қассиеттер ерте сәбилік кезеңнен-ақ біліне бастайды.
Бала дүниеге келген күннен бастап ата -анасы және айналасындағы адамдармен тығыз байланыста өмір сүреді. Олар күнделікті өмірде ересектермен бірлесе әрекет ете отырып, әрбір іс - әрекеттің мән - мағынасын, мақсат - міндетін, қарым - қатынас ережелерін біртіндеп меңгере бастайды.
Өзін - өзі тану - бұл тек өзі туралы біліп қана қою емес, қоғамдық - қатынастар жүйесіндегі, адамдар арасындағы өз орнын таба білу, өзін тұлға ретінде сезіну.
Мектеп жасына дейнгі балалрға арналған "Өзін - өзі тану" пәні рухани - адамгершілік білім берудің алғашқы кезеңі болып табылады.