• Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. Ұйқысы қанбаған бала - балабақшада мұңаюлы құбыжық.
• Балабақшада туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше тәрбиешілерді сөз қылмаңыз.
• Бала балабақшадан берілген тапсырмаларға сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.
• Өзіңіз кітап оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.
• Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс.
• Балаға өз ойын сөзбен немесем сурет салу арқылы жеткізуді үйретіңіз: онымен сырлас болып сөлесіңіз. Егер бала сізбен қатты әсер алған оқиғасымен бөліссе – сол оқиға жайлы әңгіме құрастыруын өтініңіз , ал кешкісін оны барлық отбасы мүшелеріне айтып беріңіз.
• Балабақша өміріне үнемі белсенділік танытыңыз. Балаға оның балабақшасы сіздің өміріңіздің маңызды бөлігіне айналуы жақсы әсер етеді.
• Балабақшада сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді.
Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.
• Кейде бала барлық балабақшадағы жағымсыз жағдайларды жүректеріне жақын қабылдап қалуы мүмкін. Әркез оған ненің маңызды, ненің аса маңызсыз екенін үйретіңіз.
• Балаңызға ұрыссаңыз, «сен әрқашан», «сен мүлдем», «әркез сен» деген сөздерді қолданудан аулақ болыңыз… Негізінде сіздің балаңыз әрқашан жақсы, тек бүгін ғана бір нәрсені дұрыс істемеді. Осы туралы оған айтыңыз.
• Әдетте бала жаман қылық істегенде ол ұялу сезімін бастан кешіреді. Ал сіз оны жазалағанда, оның ұялу сезімі өшеді. Ал бұл қауіпті.