Балалық.Сол шаққа қайта оралғым келеді.Кіп-кішкентай қыз болып,уайым-қайғысыз өмір сүру қандай бақыт!
Балалық шақ бір қызық кезеңдер ғой!Балалық шақ әркімге бір-ақ рет беріледі.Балалық шақ өмірдің тәтті айнасы,адамдар мен туралы не ойлайды деп те,не болмаса адамдардың жаман ойы болуы мүмкін дегенді түсінбейтін.Бәрін де дүниеде өзі сияқты ең таза көретін кезең.Иә,балалық шақ-әр адамның ең тәтті,ең адал,алаңсыз кезіңдерінің куәсі болып қала береді.<<Бақыт деген-менің бала күндерім...>> деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай,балалық шақ әркімнің жадында қызықтарымен,шат-шадымен шаттықтарымен,риясыз күлкімен қалатыны сөзсіз.Қай адамның болмасын балалық шағына бір сәт кері оралғанда есіне түскен қызыққа
толы оқиғалары,жүзіне қуаныш әкеледі.Себебі,балалық шақ-өмірдің гүл көктемі.
Алайда,бүгінде осы гүл көктемді аңғал да,алаңсыз,пәк көңілмен өткізуге әр баланың құқығы бола тұрса да,қоғамның ба әлде адамның азғаны ма кез-келген сәбидің бағына бұйырмайтын болды.Көздері мөлдіреп,жанары мұңға толған,үміт көзімен жаутаңдаған балалар үйіндегі қара көз балаларымыздың ертеңгі тағдыры еріксіз жан тебірентеді.Олардан өмірдің ала алмаған еншісі не,өмірге
келгені үшін кінәлі болғаны ма??? Бұл біздің тасбауыр,безбүйрек қыз-келіншектеріміздің айуандықпен жасаған кешірілмес күнәсі.
Бұны айтып отырған себебім,әр сәби балалықтың бал дәмін,шат-шадыман шақтарын алаңсыз ойын-күлкімен өткізсе,өмірге деген сүйіспеншіліктің,өоршаған әлемге деген пәк сезімінің негізінің бастауы емес пе???
Осы орайда Герценнің "...Бүкіл ақыл-ой болмысының негіздері балалық жаста қаланады"-деген сөзі өте орынды айтылған. "Балалық шақта берілген ізгі тәрбие өмір бойы қорғаушы періштедей,әрдайым тура жолға бастайды.Бала кезде,яғни,отбасында ата-ананың ықпалымен қаланған дүниетанымның іргетасы мектеп қабырғасындағы білім нәрімен толығып,танымы
мен ой-өрісінің кеңейуі баланың өмірге сүйіспеншілік пен сеніммен қарауына негіз болады".
Ел президенті Н.Ә.Назарбаев
"Рухани құндылық,биік адамгершілік жоқ жерде үлке өркениет орнату мүмкін емес" деген болатын.Ендеше,жеке тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету,яғни руханилығын дамыту-заман талабы.Себебі, балалық шақты көгілдір экран мен табақтай қалтателефонына телмірумен өткізетін заманның балаларының болашағы кім-кімді болсын алаңдатары сөзсіз....