Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының “Балдырған” №2 балабақшасы” МКҚК
ГККП «Детский сад №2 «Балдырған» города Степногорск при отделе образования по городу Степногорск Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кел, ойнайық!

18.03.2017

Қимыл ойындары – балаға дене тәрбиесін беру құралы. Балалардың жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке – психикалық дамуына, жеке басының, денсаулығының қалыптасуына да үлкен әсер етеді.

  2 - сәбилер тобына арналған ойындар

1.   

«Не өзгерді?» балалар бір қатрға немесе шеңбер құрып тұрады. Тәрбиеші үстелдің үстіне бірнеше затты немесе бірнеше ойыншықты қояды. Балаларды заттарға мұқият қарап, олардың

орналасқанын естеріне сақтайды. Содан соң тәрбиеші балаларға  көздерін жұмуды өтінеді. Олар көздерін жұмған кезде тәрбиеші тұрған ойыншықтардың орындарын ауыстырады немесе бір затты тығып қояды. Содан соң балалардан сұрайды «Не өзгерді?»  ойын бірнеше рет қайталанады.

2.   

«Жануарлар»Орманға барсаң, қасқыр бар. (Балалар қасқыр сияқты жүреді)

Тауға барсаң, түлкі бар.(Түлкі болып жүреді)

Сайға барсаң, қоян бар. (Қояндар сияқты бір орында тұрып секіреді)

 Қыста  барсаң байқандар,

Ұйықтап жатқан аю бар. (алақанды қосып  бір бетіне қояды «ұйықтап жатқандай» қатып қалады)

3.   

«Көбелекті ұста»Балалар шеңбер бойымен тұрады. Тәрбиеші шеңбердің ортасында тұрып таяқшада ілініп тұрған көбелекті ұстайды. Тәрбиеші таяқшаны жоғары көтеріп жүреді, балалар секіріп көбелекті ұстауға тырысады. Көбелекті ұстап алған бала жеңімпаз болады.

4.   

«Қоңыздар» Балалар ән ырғағымен «кішкентай қоңыздар болып» ұшып жүгіреді. Тәрбиеші «Үлкен құс» - деген кезде балалар аяқ – қолдарын жыбырлатып жерге жатады.

5.   

«Допты ұста» Балалар шеңбер бойымен тұрады. Тәрбиеші ортада тұрып допты алып кез-келген балаға ақырын лақтырады да кез келген жануарды айтады мысалы, «мысық» - десе, бала мысықтың қалай дыбыстайтынын айтады («мяу»). Тақырыптарды өзгертуге болады.

6.    

 «Ұшақтар»Балалар бір қатарға тұрады. Бір бала ортаға шығып қимылдарды көрсетеді қалған балалар қайталап орындайды. Ұшақтар ұшу үшін оған бензин керек «Бензин құямыз» - мұрынмен ауаны алып екі қолды кеуде тұсына көтереміз, «п-с-с-с-с»-деп ауаны ауыздан шығарамыз да қолды төмен түсіреміз. «Мотор» - екі қолды бүгіп кеукде тұсында айналдырып «др-р-р»-деп айтамыз. Содан соң «қанат жазамыз», екі қолды екі жаққа созамыз.  Ұшақ сияқты ұшамыз (қолды жазып шеңбер бойымсен ақырын жүгіру)

7.     

«Дәу мен ергежейлі»Балалар шеңбер бойымен жүреді. Тәрбиеші «Дәу» - деген кезде балалар қолдарын көтеріп аяқ ұшымен жүреді. «Ергежейлі» - деген кезде отырып жүреді.

8.     

«Ұшады ұшпайды» Балалар шеңбер құрып тұрады. Ұшатын затты айтқан кезде балалар қолмен қанат қаққандай қимыл жасайды. Ұшпайтын затты айтса, отырады. (Дәл солай «Жеймін-жемеймін» деп ойнауға болады.)

Просмотров: 472


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст