Семинар ұсынымдары:
· 2-3 жастағы балалар үлкен суреттері бар кітапты жақсы көреді, оларды қарағанды ұнатады. Кішкентай бала әңгімені оқығаннан гөрі, айтып бергенді жақсы ұғады. Сондықтан, оларға суреттерін қарап отырып ертегіні өз сөздеріңізбен айтып беріңіздер.
Үшінші жасқа келгенде баланың сөздік қоры ұлғаяды және балаға тақпақтар оқып беруге болады.
· 4-5 жастағы балаларда сөздік қорының белсенділігі артады, сөйлеу мәнерінің дамуы болады. Балаға әдебиеттік шығармаларды оқыған кезде, жеке сөздерге және олардың айтылу мәнеріне назар аударған жөн. Қысқа мәтінді халық ертегілерін айтып беруді үйретуге болады. Ақырындап тақпақтарды жаттатуға болады. Бұл жаста балаларды шетел ертегілермен, батырлар туралы халық ертегілерімен, табиғат және жануарлар туралы ертегілермен таныстыруға
болады.
· 5-6 жастағы балалар үшін барлық көркемдік әдебиеттерден бұрын бірінші орында бәрі-бір де ертегілер тұрады, халық ертегілеріне қоса олардың авторлары да. Балаларға ашық түсті, суреттері және жазулары үлкен кітаптар алу керек, бала оны аяғына дейін қызықтап оқитындай оның мәтіні қызықты болу керек. Бұндай жаста кітап оқу қызықты болу керек. Кітап таңдаған уақытында оның диалогтеріне назар аударған жөн, себебі оны кезектесіп ролмен оқуға болады.
Бала кітапты жақсы көріп кету үшін, ата-аналарға көп күш жұмсау керек.
Ата-аналарға кеңес.
· Кітаптың құндылықтары туралы үнемі айтып отыру керек;
· Отбасында кітаптың маңызды екенін айта отырып, кітапты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу керек;
· Балаға ең басты үлгі - ол өзіңіз, егер балаңыз кітап оқысын десеңіз, сіздің өзіңізге де біраз уақытты кітаппен өткізген дұрыс;
· Кітапханаға, кітап дүкендеріне бірге барыңыз;
· Ашық түстес және қызықты мағыналы кітаптар сатып алыңыз;
· Баланың қателігіне аса назар аудармай оның жетістігіне қуаныңыз;
· Оқылған кітапты отбасы ортасында талқыға салыңыз;
· Балаңызғы оқылған кітаптың авторы туралы айтып беріңіз;
· Отбасылық оқылымдарды үнемі ұйымдастырып отыру керек.
Кітап оқу – ол балалардың күнделікті дағдыға айналатын қажетті ісі болуы керек.