Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет
Тақырыбы: Терезедегі өрнектер
Мақсаты:
Шырағданды пайдалана отырып, аяз өрнектерін салуды үйрету. Дәстүрден тыс сурет салу өнерін ,Ой –қиялын , сурет салу үшін тәжірибеде түрлі құралдарды таңдап алу және қолдана білуді дамыту. Танымдық қызығушылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Өрнек, аяз, шырағдан.
Билингвалдық компонент: Өрнек –мороз, аяз –мороз, шырағдан –свеча
Жабдықтар: Е.Тихонованың “Аяз салған өрнектер” туындысы, алдын –ала фотоға түсірілген “аяз өрнектері” топтамасы, қуыршақ Қар Ханшайымы.
Үлестірмелі жабдықтар: Терезе кесегі бейнеленген ақ түсті қағаз, әр балаға шырағдан және спонж таяқшалары, алдын ала дайындалған көк түсті балды акварель.
Алдын –ала жұмыс: Бейнелеу өнері студиясының жетекшісі Е. Тихонованың қыс мезгіліне байланысты жұмыстарымен таныстыру.
Іс –әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың іс –әрекеті |
Мотивациялық -қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Арайлап таң атты, Шаттық нұрын таратты. Қайырлы таң балабақшам, Қайырлы таң достарым! “Жұмбақты шеш” ойыны Мамықтай ұлпа, қанттай ақ, Қыста жер бетін басады, Жазда сайға қашады. Қолы жоқ сурет салады, Аузы жоқ тістеп алады. Қанаты жоқ ұшады, Аяғы жоқ желеді Аузы жоқ ұлиды. |
-балаларлар шеңберге тұрып,бір –бірімен сәлемдеседі
-қар
-аяз
-боран |
Ұйымдастыру –іздестіру |
Есік қағылады, қонаққа Қар Ханшайымы келеді. Балалар мен сонау алыс орманнан келдім. Сендерге Аяз ата сәлем айтты. Дидактикалық ойын “Қарға байланысты сөздер” Мақсаты:Қарға байланысты сөздерді қайталау,еске түсіру,есте сақтау қабілеттерін арттыру. Мысалы: Ақша қар, жапалақ қар, мұздақ қар, үлпілдек қар, қарша қыз, аққала, боран, мұз, аяз . -Аяз, балалар аязды күні терезедегі өрнектерді көргенсіңдер ме? -Олай болса біз бүгін сендермен терезедегі өрнектер суретін дәстүрден тыс әдіс арқылы салуды үйренеміз. Ол үшін бізге сиқырлы шырағдан көмектеседі. Суретпен жұмыс, суреттерді салыстыру: Е.Борисовнаның “Аяз салған өрнектер” туындысын қарау. Өрнектер жіңішке қылқаламмен, мөлдір бояулармен салынған, олар: бұтақшалар, гүлдер, ертегі ағаштары, ал фотоға түсірілген суреттерде жұлдызшалар, бұтақшалар,гүлдер,ертегі ағаштары, қамалдар, құстар. Мұқият қараған адам әркез бұл өрнектерді таниды. Өрнек қалай пайда болады? Далада аяз, ал үйде жылы. Терезе бусанып тұр, ал үйде де салқын болған кезде су қатады да, мұз түйіршіктеріне айналады, терезедегі оюлар осылардан құралады. Тәрбиешінің үлгісін қарап көру. Қараңдаршы аяз менің тереземе қандай суреттер салған. Әсіресе қараңғы болғанда оюлар жақсы көрінеді. Орындау тәсілін көрсету. 1.Терезенің ақ түсті аясына бұйралар, бұтақшалар және қар ұшқындарын саламыз. Біздің өрнегіміз көрінбейді ғой! Өйткені парақ та, өрнек те ақ түсті. 2.Терезенің аясын спонж таяқшалары көмегімен көк түспен бояймыз –өрнектеріміз көріне бастайды. Орындау тәсілін бекіту Біз бүгін не саламыз? Аяз өрнектерін қалай және ненің көмегімен саламыз? Саусақ жаттығуы “Бес саусақ” Балалардың өз бетінше жұмыс істеуі Қар Ханшайымы балалардың қимылын жеке –жеке түзетіп, оларға мақтау сөздер айтып, көмектесіп отырады. |
-балалар таң қалысады, Қар Ханшайымымен сәлемдеседі
-қарға байланысты сөздберді қар кесегін бір –біріне беру арқылы жарыса айтады.
-иә біз көргенбіз
-балалар зер салып қарап, мұқият тыңдайды
-терезедегі өрнектерді -шырағданның және спонж таяқшаларының көмегімен -балалар саусақ жаттығуын жасайды
-балалар жұмысқа кіріседі |
Рефлексивті –түзетушілік |
-Аяз Ата келеді, балаларды мадақтап, жұмыстарын бағалайды, сыйлық береді. Балалар жұмысын көрмеге қою. |
-балалар Аяз Атаны көріп, сыйлық алып қуанады. |
Күтілетін нәтиже:
Жасай алады: Терезеге өрнектің қалай пайда болуы жайлы біледі.
Түсінеді: Суретші салған өрнек пен аяз өрнектерін ажырата алады.
Қолданады: Шырағдан арқылы дәстүрден тыс сурет салуды игерді.
Өткізген тәрбиеші: К. Сарманова