Педагогтердің және басшының кәсіби дамуына жағдай жасау
Әдістемелік тақырып:
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық процесті ұйымдастыруға инновациялық тәсілді жүзеге асыру»
Мақсаты:
Баланың өзін және қоршаған ортаны тануы арқылы негізгі құзыреттіліктерді меңгерген тұлғасын дамыту.
Міндеттері:
-
Тәрбиеленушілердің өмірін қорғау және денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтының негіздерін, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;
-
Тәрбиеленушілердің бейімделу, коммуникативтік, эмоционалдық және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру үшін оңтайлы жағдайлар жасау, олардың дене, зияткерлік және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету;
-
Отанға, туған тілге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, ұлттық бірегейлік, азаматтық және патриотизм негіздерін қалыптастыру;
-
Баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық және әлеуметтік дайындығын қалыптастыру, тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
-
Тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету мақсатында отбасымен тығыз ынтымақтастық орнату, ата-аналарға тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулықты сақтау мәселелері бойынша кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету.
Күтілетін нәтижелер:
-
Баланың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтының негіздерін және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;
-
Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбие-білім беру жұмысының сапасын МЖМБС талаптарына сәйкес арттыру;
-
Балаларды әлеуметтік-мәдени құндылықтарға баулу, баланы қазіргі қоғам өміріне дайындау;
-
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері мен олардың отбасыларына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
Біліктілікті арттыру курстарынан (қайта даярлау курстарын қоса алғанда) өткен педагогтер:
| Педагогтің аты-жөні | Тақырыбы | Өткізілген орны мен мерзімі |
|---|---|---|
| Нуркешова Н.Ж | «Күні бойы ойын технологияларын қолдау» | «Өрлеу» АОҰО, 02.02–11.02.2026 |
| Насифова Г.А | «Күні бойы ойын технологияларын қолдау» | «Өрлеу» АОҰО, 02.02–11.02.2026 |
| Кантарбаева М.Е | «Күні бойы ойын технологияларын қолдау» | «Өрлеу» АОҰО, 02.02–11.02.2026 |
| Абдикадирова К.А | «Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуетін ашуға арналған цифрлық технологиялар және жасанды интеллект» | «Өрлеу» АОҰО, 30.03–09.04.2026 |
| Турегельдиева И.Е | «Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуетін ашуға арналған цифрлық технологиялар және жасанды интеллект» | «Өрлеу» АОҰО, 30.03–09.04.2026 |
| Кулманова А.Н | «Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуетін ашуға арналған цифрлық технологиялар және жасанды интеллект» | «Өрлеу» АОҰО, 30.03–09.04.2026 |

