Воскобовичтің даму ойындары – бұл ерекше шығармашылық методика. Ойындар үш негізгі қағидаға негізделген - қызығушылық, таным, шығармашылық. В.В.Воскобовичтің ойын технологияларының құрылымының нәтижесінде зейін, есте сақтау, қиял, ойлау, сөйлеу тілі дамиды.Әр ойында бала міндетті түрде бір жеңіске жетеді. Бұл жай ғана ойын емес – бұл ертегілер, шытырман оқиғалар, баланы ойлауға және шығармашылыққа баулитын күлкілі кейіпкерлер. Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалды қабілеттерін тиімді дамыту – ол қазіргі заманғы өзекті мәселенің бірі. Ой өрісі дамыған балалар материалды тез жаттайды, қабілеттеріне сенімді болады, жаңа ортаға оңай бейімделеді және мектепке жақсы дайындықпен барады. В.Воскобовичтің ойындары - бұл мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы заманауи талаптарға жауап беретін ерекше нұсқаулық. Олардың қарапайым оқу және тәрбие мәселелерін шешу тұрғысынан, үлкен мүмкіндіктері бар, балалармен жұмыс жасау кезінде баға жетпес үлкен мүмкіншілік береді. Осындай ойындар психологиялық тұрғыда өте тиімді. Бала өзіне және ойыншыққа ешқандай зиян келтірместен оны бүктейді, жаяды, жаттығады, тәжірибе жасайды. Балаларға арналған ойындар мобильді, көпфункционалды, көңілді болып келеді. Оларды ойнай отырып, балалар өздерін еркін сезінеді, өзіне сенімді болады, мектепке дайын болады.