Текст
Далада боран соғып тұр, және де ақпанның аязы бетті қариды, ал бізде балалармен терезеде «бақша машақаты» басталып кетті. Біздің балабақшада ақпан айында «Терезедегі бақша» атты экологиялық акция өткізу мейірімді дәстүрге айналды. Бұл табиғаттың экологиялық құндылығын дамытуды қолға алу барысындағы – ғажайып бақша. Мектеп жасына дейінгі балаларда табиғатқа деген қызығушылық сезімдері басымдырақ болады, өсімдік әлемінің таңғажайып образдарын ашады, ең алғаш рет табиғаттың адам өміріндегі рөлін сезінеді. Біздің бақшада балалар өздері: сарымсақ, аскөк, ақжелкен, бұршақ, қызанақ отырғызады.