12 сәуір - әлемде авиация және космонавтар күні болып аталып өтіледі. Осы күні 1961 жылы біздің ғаламшарды күтпеген жаңалық таңқалдырды: «Адам космосқа ұшты». Адамдардың космосқа ұшу арманы орындалды. Сәуір айының ертеңгісінде «Восток-1» кораблімен Юрий Алексеевич Гагарин ең алғашқы рет ғарышқа ұшты. Жерді айналып ұшу уақыты 108 минут болды. Жұлдызды аспан әрдайым адамдардың назарын өзіне беймәлім тартқан. Адамдар үнемі ғарыш туралы көп мәлімет білуді армандады. Ғарыштық зымырандардың, жер серіктерінің, Айды ұшыратын уақыты осылай басталды. Мектепалды №9 тобында тәрбиеші М.Наймушинамен бірге қызықты «Ғарыш кораблі» атты апликацияны орындады. Алдын ала жұмыс кезінде балалар ғаламның алғашқы ғарышкері туралы, жануарлардың көмегімен ғарыш кеңістігінің сынақтары қалай өткізілгені туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. Белка және Стрелка атты иттер адамға ғарышқа ұшу кеңістігінің жолын ашып берді.