«Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергені» демекші, 2019жыл ақпанның он сегізінде, № 8 «Аққу» екінші сәбилер тобында «Әдепті сөздер» жобасының презентациясын, топ тәрбиешісі Сарманова Қалдыгүл Мокамадияровна өткізді. Жоба қысқа мерзімді. Жобаның мақсаты: балаларды кіші жастан әдептілікке баулу, күнделікті қолданыстағы сөздерді әдепті сөздермен байланыстыра сөйлеуге үйрету. Болашақ ұрпағымыздың бойына әдеп пен ибаны сіңдіру. Үлкендерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Жобаға балалар мен ата –аналар қатысты. Олар балалармен біргелікте әртүрлі тақырыпшаларда: «Бала көңілдің гүлі, көздің нұры», «Еңбек адамның көркі, адам заманның көркі», «Әдепті бала ата –анасын мақтатар, әдепсіз бала ата –анасын қақсатар», «Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала», «Әдепті елдің қыздары, қырмызы қызыл жібектей» коллаждар мен кітапшалар жасады. Презентацияда балалар әдептілік жайында тақпақтар айтты. Жас ерекшеліктеріне сай сахналау көрсетті. Қызықты ойындар мен музыкалық ойындар ойнады. Өз кезегінде ата –аналарда тапсырмаларды орындап, балалармен бірге ойындар ойнады. Жобаның нәтижелі мақсатқа жетуіне ата –аналар белсене ат салысты.