Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының “Балдырған” №2 балабақшасы” МКҚК
ГККП «Детский сад №2 «Балдырған» города Степногорск при отделе образования по городу Степногорск Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республика халқының Тілдер күні мерекесі аясында, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында» мерекелік іс-шара

19.09.2019

Бүгін, қыркүйек айының 19 күні біздің балабақшамызда № 6 «Қарлығаш» және № 7 «Көбелек» ересек топтарында ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған мерекелік іс шара өткізілді. Іс-шара барысында Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен әндері, оның ішіндегі жыл мезгілдеріне арналған тақпақтары туралы айтылып өтті. Мерекелік іс-шарада балалар Тіл мерекесіне арнап жаттаған «Ана тілі » әнін орындады. Мерекелік іс-шараның тақырыбы «Бір шаңырақ астында» болғандықтан балалар өзге ұлт өкілдері мен бірге қазақ биін билеп шықты. Балалар Республикамыздың аймағында тұрып жатқан барлық ұлттар арасындағы достықты бағалауды үйренді. Балалардың қазақ даласының ұлы тұлғасы Абай Құнанбаев туралы білімдері кеңейіп, ана тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімдері қалыптасты.

 

 

Просмотров: 364


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст