"Денсаулық акциясы" аясында "Балдырған" балабақшасының ұжымы арасында "Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз" атты спорттық іс-шара өтті. Қатысушылар екі топқа бөлініп түрлі тапсырмалар орындады. Іс-шара "Қызыл телпек" ертегісінің жаңаша желісі бойынша басталды. Сайысқа кіріспес бұрын гимнастикалық орындықта жалпы дамыту жаттығуларын орындап денелерін шынықтырып алды. Содан соң "Кім жылдам", "Допты өткіз", "Секіргіштер", "Кедергілерден өт", "Секіртпемен секір" атты сайыстар өткізілді. Қатысушылар барлық тапсырмаларды көтеріңкі көңіл күймен белсенді орындады. Соңында командалар дипломдармен марапатталды
/public/files/2022/10/21/211022_201750_whatsapp-video-2022-10-17-at-094156.mp4