Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының “Балдырған” №2 балабақшасы” МКҚК
ГККП «Детский сад №2 «Балдырған» города Степногорск при отделе образования по городу Степногорск Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы!»

24.10.2022

«Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы!»

Отан. Бұл сөз адамның ең ұлы және ең қымбатты, ең терең және ең күшті сезімін білдіреді. Бірақ патриоттық сезім балаларда өздігінен пайда болмайды. Бұл – жастайынан бастап, ұзақ мақсатты тәрбие жұмысының жемісі. Патриотизм қоршаған ортаның, отбасы мен мектепке дейінгі мекемедегі тәрбие жұмысының өмір салтының әсерінен қалыптасады.

Балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеуде қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бекенова Самал Ануарбековнаның еңбегі зор. Бүгін мектепалды даярлық топтарында Қазақстан Республикасы күніне арналған тақырыптық сабақтар өтті. Білім саяхатындағы балалар Қазақстанның әр жерінде болды.

Дәл осы іс-шараларды ұйымдастыру балалардың білімдерін кеңейтуге және патриоттық сезімдерін дамытуға көмектеседі.

Просмотров: 323


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст