2019 жылғы 11 желтоқсанда №6 «Қарлығаш» тобында Тәуелсіздік мерекесіне орай «Көк байрағы желбіреп, Тәуелсіздік таң атты» ертеңгілік өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен басталып, өлең шумақтарымен жалғасты. Қыздар «Торсық» биімен ортаға шығып, мың бұрала би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Қыздар вокал тобы «Қазақстаным – Отаным» әнін нақышта әдемі орындап шықты. Қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, «Бәйтерек» ойынына белсене ат салысты. Балалар «Қазақстан бақытты» хор әнін орындап, соңында жылулық шеңберін жасап, жүрекшені бір-біріне ұсынып, мерекеге байланысты өздерінің ізгі тілек ниеттерін, жылы лебіздерін білдірді. Мереке өте жоғары деңгейде өтті.