Текст
«Мен анамды қатты жақсы көремін» 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні – әлемді мейірімге бөлеп, аналарымыз бен әжелерімізге деген шынайы махаббаттарын білдіретін тамаша мереке. Бұл дүниеде ананың аялы алақанынан, дана жылы сөзінен артық ештеңе жоқ. Олар үйде жайлылық туғызады, жақындарының өмірін сүйіспеншілікке толтырады, сұлулық пен нәзіктік, жылулық әкеледі.Біздің балабақшада ортаңғы топтарда осы көктемнің алғашқы мерекесіне арналған іс-шара салтанатты және қуанышты жағдайда өтті. Балалар осындай тамаша мерекеге үлкен ықыласпен қатысты: Мереке барлығына үлкен қуаныш пен жағымды әсер қалдырды.