Наурыз – табиғаттың жаңаруының, көктемнің, махаббаттың, достықтың, берекенің символы.
Қазақтар үшін бұл жай мереке емес, бұл мәдени дәстүрдің бір бөлігі, 22 наурызда тойланатын ең көптен күткен және маңызды күн.
Бұл мерекеде әрбір адам міндетті түрде тату болуы керек. Бұл күні қуаныш, қызық, тыныштық орнайды, адамдар қыстан аман шыққанына, ең бастысы, көшпелі халықтардың басты байлығы – малдың аман шыққанына қуанады.
Әрине, бүлдіршіндерге жастайынан салт-дәстүрді сіңіру керек, сондықтан балабақшада Наурыз мерекесін көңілді өткізу өте маңызды. Балабақшамызда «Тас қала» тақырыбында спорттық ойын-сауық өтті. Бұл асықпен ойналатын ұлттық ойын. Балалар асықпен ұлттық ойындар ойнап қана қоймай, түрлі тапсырмалар орындады.
/public/files/2023/3/25/250323_194235_whatsapp-video-2023-03-25-at-163858.mp4