Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Біздің аспаптар»
Мақсаты: Музыкалық есте сақтау, сезіне білу, таныс әнді тану, қабілеттерін дамыту.
.Аспаптарға қосылып ән, би орындау шеберліктерін шыңдау.
Блингвалды сыңары: домбыра-домбыра, асатаяқ-погремушка
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті
|
Ынталанды ру Сезімді ояту.
|
Балаларды музыка залында музыка әуенімен қарсы алады. Шеңбер бойымен жүріп, шаттық шеңберін жасау. |
Балалар музыка үніне ілесіп, шеңбер бойымен жүреді. Шаттық шеңберін жасайды. |
Ізденістер. Ұйымдас-тыру.
|
-Балалар, біз бүгін музыкалық аспаптармен танысамыз. Музыка тыңдау:«Балбырауын» Құрманғазы. -Құрманғазы-күй атасы дейміз. Құрманғазы жастайынан зерек болған. Кішкене бала кезден-ақ ұшқан құстың, соққан желдің, әрбір құбылыстың өзіне мән беріп, ести білген. Бала кезінде мал соңында жүріп, кішкене домбыра жасап алып, осы естігендерін домбыраға салып тартып үйренген. «Аман бол, шешем, аман бол», «Сарыарқа»,. Қазір тыңдайтын күйлеріңнің аты-«Балбырауын». -Күй қалай орындалды? -Көңілді ме, көңілсіз бе? Музыкалық аспаппен танысу. -Сендер қазақтың киелі аспабы домбырамен таныссыңдар. Қазақтың ерте заманнан келе жатқан көне музыкалық аспабының бірі-асатаяқ. Асатаяқ-ұрып ойнайтын аспап. Оған әртүрлі сылдырмақты, қоңыраулы әшекейлер қадайды. Музыка ырғағына қарай сілкіп ойнайды. Асатаяқ ансамбльдегі басқа аспаптардың үнін көркемдеп, көріктендіреді. Музыкалық аспапта ойнау. «Еркем-ай». Балалар кезектесіп шығып, әуенге ілесіп, ырғақпен сілкілеп ойнайды. |
Балалар аспаптар туралы білгендерін әңгімелеп беруге тырысады.
Балалар композитор туралы мағлұматты тыңдап, күйден алған әсерлерін әңгімелеп беруге талпынады.
Балалар аспаппен танысып, қолдарына алып қызықтап, әуенге ілесіп ырғақпен сілкілеп ойнауға тырысады.
|
Қорытын-дылау. Өзін–өзі бағалау. |
-Балалар, біз қандай жыл мезгілі туралы айттық, қандай композитормен таныстық? -Қандай күй тыңдадық? Ол күй не туралы? -Қандай аспаппен таныстық? Қорытындылау. |
Жалпы іс-әрекеттен алған әсерлерін айтуға тырысады. |