«Еңбек - түбі береке» Қыс мезгілі. Қар қалың жауды. Балалар балабақша ауласына серуенге шықты .Топ балаларын еңбекке баулу мақсатында ауладағы қарды тазалауды ұсындым. Балалар өте жақсы жұмыс жасады. Солай өз ауламыз ды тазалап, түрлі ойындар ойнадық. Балалар да дән риза. Өздері еңбектеніп үйренді.
Балаларды бос уақыттарында ұлттық ойындарды ойнауға баулимыз. Себебі әрбір бала өз ұлтының салт –дәстүрін, ұлттық ойындарын білуі керек. Атап айтқанда, «Орамал тастау», «Арқан тартыс», «Тақия тастамақ».Балаларға өте қызықты болды.