№2 «Балдырған» балабақшасында өткен қалалық семинар. Семинарға қатысушыларды ең алдымен №2 «Балдырған» балабақшасының меңгерушісі Г.К.Идрисова құттықтап, сөз сөйледі.
«Ойын – бұл бізді қоршаған әлем туралы идеялар мен түсініктердің өмірлік ағыны баланың рухани әлеміне түсетін үлкен жарқын терезе», - дейді атақты педагог В. Сухомлинский.
Қазіргі педагогтардың педагогикалық құзыреттілігінің көрсеткіші ретінде жаңа білімді меңгеруге, заманауи ойын технологияларын қолданудың қажеттілігі мен мүмкіндігін түсінуге бағытталған педагогтар арасында мотивацияны қалыптастыру мақсатында №2 «Балдырған» балабақшасында «Қазіргі заманғы ойын технологиялары – мектеп жасына дейінгі балаларды дамытудың тиімді құралы ретінде» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қалалық семинары өтті.
Семинар барысында балалардың ұйымдастырылған іс-әрекетінде де, өз бетінше әрекетінде де қолдануға болатын шығармашылық, дамытушылық, коммуникативті, зерттеушілік, танымдық, білім беру ойын технологияларының элементтері көрсетілді.
Семинарға: қалалық білім бөлімінің әдіскері Ж.А.Абуова, «Балауса» бөбекжайының меңгерушісі Қалайдарова Б.Б., №3 «Алпамыс» балабақшасының меңгерушісі Бештаева К.Н., және әдіскері К.Н. Кузьменко Т.Ю. және де қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың жас педагогтары, сонымен қатар №6 мектеп-гимназиясының, №5 көпсалалы мектеп-лицейінің жас педагогтары қатысты.