Күлімдейді күніміз. Көңілді ән-күйіміз. Асыр салып жүреміз, Тәртіп бұзбай жиі біз. Білеміз біз, сұраңыз. Жаттап алдық жыр-аңыз, Тәрбиеші апайдың, Айтқанын тез ұғамыз. Дайын тақпақ, әніміз. Би билейміз бәріміз. Өнерліміз, кішкентай Болсақ дағы әлі біз.