Жаңа жылдық ойыншық "Тәтті кәмпит"-ті бірге жасайық. Тәрбиеші Буркитбаева Г. Б.
Бізге қажетті заттар: 1.Фоамиран қағазы, қарындаш, қайшы, ыстық желім, ойыншық жібі және тиын.
2.Біз тиынды фоамиран қағазының үстіне қойып, шеңбер сызып аламыз және оны қиямыз
3.Міне осылай бірнеше шеңберді қиып аламыз. Мен 2 түсті алдым, қызыл және жылтыр түс. Әрқайсысынан 15шт. қиып алдым артығымен.
4.Ыстық желім арқылы оны бір біріне жабыстырамыз.
5.Бір қатар біткен соң, ойыншықтың жібін ыстық желім арқылы жабыстырамыз.
6.Осылай артында жабыстырып шығамыз.
Мінекей шыршамыздың ойыншығы дайын болды.
Шыршаның сәнін келтіретін ойыншықтарды бірге жасайық.