Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз мейрамы 22 наурыз күні аталып өтіледі. Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Халықтың баяғы түсінігі бойынша бұл түні даланы Қыдыр аралайлы. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киіп бір–бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып жақсы тілектер айтылады. Мерекеге арнап жеті түрлі дәннен наурыз көже дайындалады. Дәстүрлі ұлттық ойындар: аударыспақ, күрес, қыз қуу, тағы басқа ойындар ойналады. 22 наурыз күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та жер ана да, жан-жануарлар да оянады. Ынтымағы жарасқан көп ұлтты еліміздің осы бірлігін құдай ұзағынан сүйіндірген. Әрбір шаңыраққа қыдыр дарып бақ қонсын! Мұлсылман қауымына исламның жеті байлығын тілейміз деген сөздермен 20.03.2024 ж. күні «Армысың, Әз Наурызым!» тақырыбында №7 «Көбелек» мектепалды тобында аталып өтті. Әуендете орындалған әндер, нақышына келтіріліп билеген бишілердің тартуы мерекенің ажарын ашты. Наурыз әже келіп шашу шашты, «Тұсау кесу» дәстүрін орындады.
Наурыз мерекесі жоғары дәрежеде тойланып, есте қалды.
Музыка жетекшісі: Мухамедрахим Г.Е