Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының “Балдырған” №2 балабақшасы” МКҚК
ГККП «Детский сад №2 «Балдырған» города Степногорск при отделе образования по городу Степногорск Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Топтардың 2017-2018 оқу жылына дайындығы» байқау-конкурсының қорытындысы

22.10.2017

Балабақша – бұл жылулық,қуаныш

Балабақша – бұл үлкен үй, жұбаныш!

«Топтардың 2017-2018оқу жылына дайындығы» байқау-конкурсы бойынша топтардың жұмыс  қорытындысы шығарылды.

Байқаудың мақсаты: МКМ педагогтарының жұмыс сапасын көтеру мен кәсіби өсуін ынталандыру

Байқаудың міндеттері:

- МКМ-де білімдік шығармашылық орта құру;

- Педагогтар мен тәрбиеленушілер арасында денсаулық сақтау аясында балалардың шығармашылық  қабілеттерін және МКМ педагогтарының кәсіби-шығармашылық құзырлықтарын арттыру мақсатында қызмет ететін кеңістік жасау арқылы заманауи іс-әрекетті меңгеру;

-  топтарды безендіру мәдениетін дамыту.

Баланың жайлы, жағымды жағдайда дамуы маңызды. Сондықтан, логикалық тұрғыда мектепке дейінгі баланың психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылған интерьер баланың үйлесімді дамуы мен оның шығармашылық қабілеттерінің ашылуына үлкен жағдай туғызады. Интерьер – қауіпсіз, барлық эстетикалық талаптарға сай болуы керек. Осы талаптарды ескере отырып, балабақша қызметкерлері жаңа оқу жылында баланың білім алып, тәрбиеленуі үшін барлық жағдайды қарастырған.

Жеңімпаздардың дипломдары табыс етілді

Гран-при:

№3 «Бұлақ» тобына  «Үздік топ» номинациясы                                                  

тәрбиешілер: Акмагамбетова Бакыт Калихановна, Жапарова Карлыгаш Жумабаевна

1-орын:

№ 4 «Ботақан» тобына «Үздік дамытушы орта» номинациясы 

тәрбиешілер:Насифова Гулнара Арыстанбековна, Якубова Гулзамира Эльмуратовна

№ 5 «Алма» тобына «Үздік дамытушы орта» номинациясы                                       

тәрбиешілер: Зернова Нина Николаевна, Тунгускова Юлия Анатольевна

№ 9 «Балапан» тобына «Үздік дамытушы орта» номинациясы                                       

тәрбиешілер: Эйдемиллер Людмила Леонидовна, Лукьянова Гальфия Амиржановна

2-орын: 

№6 «Қарлығаш» тобына «Дараланған дамытушы орта» номинациясы                                       

тәрбиешілер: Карамсакова Слушаш Мухтаровна

№ 2 «Бөбек» тобына «Қарқынды дамытушы орта» номинациясы                                        »                       тәрбиешілер: Кульчицкая Тамара Евгеньевна, Корниенко Ольга Александровна

3-орын:

№ 7 «Көбелек» тобына «Сөйлесеміз, дамимыз» номинациясы                                       

тәрбиешілер: Уажиденова Улжан Акылбековна, Арманай Жанерке

№ 10 «Бөбек» тобына «Сөйлесеміз, дамимыз» номинациясы                                        

тәрбиешілер: Кислинская Любовь Николаевна, Жамангизова Асель Маратовна

Байқауға қатысқаны үшін №1 «Балақай» тобы

тәрбиеші: Бахытбек Сандигул

                                                       

Барлық ата-аналар мен тәрбиешілерге топтарда кеңістікті ұйымдастыру барысында көрсеткен көмектері үшін алғысымызды білдіреміз!!!

Просмотров: 568


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст