Жүргізуші
: Балалар әуенмен залға кіреді .
Құрметті ата –аналар,қонақтар,
«Балақай» тобының «Жәндіктер әлемі» атты отбасылық қонақжайына қош
келіпсіздер.Осы наурыз айында балаларға жәндіктер туралы жалпы мәлімет беру,олардың пайдасы және жәндіктерге жалпы табиғатқа
қамқор болу мақсатында жоба ұйымдастырылды.Сол жоба қорытындысы ретінде бүгін
отбасық қонақжай өткелі отыр.Олай болса балаларды тыңдап көрейік.
Балалар барлығы
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық
Жүргізуші:Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Олар қандай айлар? Балалардың жауабы .
Жүргізуші :Енді балалар «Көктем» әнін
орындайды.
Жүргізуші:Көктем мезгілінде қандай
өзгерістер болады?
Балалар :Күн жылынады . Слайд
Ағаштар гүлдейді .
Құстар ұшып келеді
Жәндіктер оянады.
Жүргізуші: Олай болса
балалар қандай жәндіктер білетінін және олар
туралы тақпағын айтып береді.
Амина:
Инелік-ау инелік,
Қаша берме именіп
Түспей-ақ қой торыма
Қоншы
келіп қолыма
Айша:
Менің атым құмырсқа
Шаршамаймын жұмыста
Дән тасимын жаз бойы
Дем аламын мен қыста
Жүргізуші: Ән «Анасы бар». Балалар орындайды
Жүргізуші: Енді ортаға
көбелекті шақырамыз.
Көбелек-ау,көбелек
Әдемісің
керемет
Гүлден гүлге қонасың
Өзің
де гүл боласың
Бала сурет ұстап
тұрады. Анасы мәлімет береді.
Жүргізуші: Енді «Гүл мен
көбелек» ойыны.
Жүргізуші:Келесі жәндік туралы бізге Нұрдаулет мамасымен бірге
мәлімет береді.
Нұрдаулет:
О, құмырсқа, құмырсқа,
Шебер - ақсың жұмысқа.
Астық жинап қуысқа,
Қой жаймайсың туысқа.
Жүргізуші: Балалар
қазір қоңыздар ойынын ойнаймыз. Шартын
түсіндіру .Балалар отырады
Жүргізуші :Балалар келесі
жәндік туралы бізге Мадина мамасымен бірге мәлімет береді.
Мадина:
Гүлден сорып, бал жинап.
Терлеп жанын қинады,
Және өзіне жиғанын,
Адамдарға сыйлайды
Жүргізуші: «Аралар бал
жинайды» ойыны.Шарты түсіндіріледі.
Ойынға ата –ана шығады.Айым,Алдияр
,Саян,Мадияр ,Дильназ
Жүргізуші: Енді балалардың
орындауында әсем ән тыңдайық. «Топ –топ балақан»әні. Балалар ән
орындайды, орындарына отырады
Жүргізуші:Келесі ойынымыз «Құрастырып көр» деп аталады
Қатысушылар ата-аналар.Ансар мамасымен ,
Дария мамасымен
Жүргізуші: Кезек жұмбаққа
келді. Мына шарлардың ішіндегі жұмбақтарды шешіп көрейік .Айша ,Сания, Мират.
Жұмбақтар
Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады.
( Көбелек )
Бар жұмысы ермегі.
Талмай қанат қағады.
Еңбекті қош көрмейді,
Жат ыдысты бағады.
Шыбын
Екі
басы жұдырықтай
Ортасы қылдырықтай
Құмырсқа
Өзім үшін сені ұрам,
Сен үшін өзімді ұрам,
Сен үшін өзімді ұрсам-
Ағады менің қаным,
Жарылады сенің қарның.
(Маса )
Жүргізуші:Балалар «Анашым» әнін
орындайды.Енді балалар бізге жеңімпаз ара тәтті сыйлықтар әкеліпті.Соны
сендерге бермекші екен . Сыйлықтар таратып беру.
Құрметті ата-аналар
,балалар бүгінгі «Жәндіктер әлем»і атты
ойын сауық арқылы балапандарымызға аздап
болса да мәлімет бере алдық деп ойлаймын.Осы
іс-шараға қатысқан ата-аналар сіздерге үлкен рахмет айтамыз. Әрине
осындай шаралар балабақша мен
ата-ана арасындагы қарым қатынасты
нығайтып ,әрі қарай жақсы жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Осыған дейінгі
шараларға да атсалысып , көмектерін аямай жүрген ата-аналарымызға « Балдырған»
балабақшасы әкімшілігі тарапынан алғысымызды блдіріп алгыс хаттар ұсынамыз.Осымен
бүгінгі іс-шарамыз аяқталды келгендеріңізге рахмет!