Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының “Балдырған” №2 балабақшасы” МКҚК
ГККП «Детский сад №2 «Балдырған» города Степногорск при отделе образования по городу Степногорск Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

07.04.2017

«Жәндіктер әлемі жобасы»

 екінші сәбилер

тобы  №7 «Көбелек»

Авторы:Уажиденова.У.А,

Икранбек.М

Өзектілігі: Жәндіктер

әлемімен таныса отырып, балалардың бойына табиғатқа деген танымдық

қызығушылықтарын қалыптастырып септігін тигізуі, байқағыштығын, ойлау іс –

әрекетін дамытады жоба бойынша жұмыс нәтижесінде балалар ой қорытындысын

түсінік жасап үйренеді, ізденіс танымдық іс – әрекет байланыстыра білу үшін

маңызы зор.

Жобаның түрлері: танымдық – шығармашылық, қысқа мерзімдік.

Жобаның мақсаты:

·      

жәндіктердің

түрлерімен, өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру;

·      

жәндіктерге

деген қызығушылықтарын есту,

·      

бақылау

дағдыларын қалыптастыру.

·      

ата

– аналарды өмір тобын арттыруда жоғары жағдай жасау, қатыстыру.

Жобаның міндеті:

·      

жәндіктердің

түрлерімен, тіршілігімен, таныстыру олардың пайдасы туралы ақпарат беру.

·      

оларды

сипаттай білуге үйрету, эстетикалық талғауларын дамыту

·      

жәндіктерге

деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдерін айтып, оларды қорғай білуге

тәрбиелеу.

Жобаға қатысушылар: №

7 «Көбелек» екінші сәбилер тобының балалары, тәрбиешілер мен ата – аналар.

Орындау мерзімі:06.

03 – 29.03.2017 ж (3 - апта)

Күтілетін нәтиже:

·      

Жәндіктерді

қорғап,аялай білуі.

·      

Жәндіктерден

достықты, еңбекқорлықты үйрену.

·      

Кез

келген жұмысты достарымен бірлесе істеген оңай екені:

·      

Балабақшадағы

топтың жұмыстарына ата  - аналардың

белсене қатысуы.

 

 

 

 

 

Жобаны іске асыру

1.    Дайындық

кезең.

·      

Осы

мәселені балаларға, ата – аналарға жеткізу.

·      

Методикадық,

танымдық, өнер әдебиеттерді, иллюстрациялық материалды тақырып бойынша таңдап

алу.

·      

Жүргізілетін

ойын қызыметіне материял тандап алу.

·      

Шығармашылық

және өнімді қызыметіне керек материялды таңдап алу.

·      

Шараға

перспективтік жоспар құру,

Кескіндік меселенің сұрақтары?

·      

Жәндіктердің

пайдасы бар  ма, әлде зиян  ба?

·      

Адал

дос па әлде көмекшілер ме?

Кескіндік оқу сұрақтары?

·      

Жәндіктердің

түрлері қандай?

·      

Жәндіктер

адам өмірінде қандай рөл атқарады?

·      

Біз

жәндіктерге не бере аламыз?

 

Көрек

әдебиеттерін іріктеп алу.

·      

Жұмбақтар

·      

Үш

көбелек «ертегісі», « өрмекші», «құмырсқа», «қарлығаш» әңгімесін оқу, «

құмырсқа қағанаты» ертегісін оқып беру.

·      

Тыныс

алу жаттығуы «көңілді жәндік»

·      

Музықалық

ойын «Гүл және көбелек»

·      

Дидактикалық

ойын: «Бір – көп», «Атын ата», «Қайда тұрады»

·      

Жәндіктерге

байланысты өлеңдер.

2.    Практикалық

кезең. Принциптік

интеграциялық білім беру бағыттарын ескере отырып, барлық бала қызыметтерін

жүзеге асырылады: ойын, еңбек, коммуникативтік, танымдық – зерттеу, өнімдік

музыкалық – өнер.

Ата-  аналармен өзара іс -  әрекет.

·      

Көрме

ұйымдастыру;

·      

Қауіпсіздік

материялдан жасалған жұмыстары, сурет, кітапшалар т.б

·      

Егер

ара, сона, кене шағып алса? кеңес беру.

·      

Жәндіктер

әлемі бойынша көрме ұйымдастыру.

·      

Отбасылық

газет бойынша «жәндіктердің пайдасы»

3.    Соңғы

кезең.  Танымдық - шығармашылық жоба бойышша отбасылық қонақ жай

өткізу. «Жәндіктер әлемі»

Білім беру саласы

Балалардың оқу іс әрекетін ұйымдастыру.

Таным

¾

жәндіктер туралы

мультфильм көру.

¾

жәндіктердің

түрлерімен таныстыру(құмырсқа, шыбын, өрмекші, көбелек, ара, инелік, қаңқыз)

¾

әңгіме (сұрақ - жауап)

жүргізу, әңгімелік сұрақтар қосамыз.

¾

дидактикалық

ойын: «сипаттау арқылы жәндікті ата»: «қай жәндік пайдалы?»

¾

Үстел үсті ойыны:

«Жәндіктер»

Қатынас

¾

 жәндікке байланысты өлең жаттау.

¾

жәндікке

байланысты жұмбақтар жасыру.

¾

ертегі «үш

көбелек», «құмырысқаның қанағаты» айту, «өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»

әңгімесін оқу.

¾

мақал – мәтел айту.

Әлеумет

¾

ойын – тапсырма: «жәндік

туралы әңгіме айт»

¾

дамытушылық ойын:

«қайсысы жәндік таңдап ал»

¾

әңгіме:

«адамдардың жәндіктерге деген тәрт»

Шығармашылық

¾

музықалық ойын:

«Гүл мен көбелек»

¾

ән: «көктем

келді», «Бәрінін анасы бар»,

¾

музыкалық ойын:

«Күн мен жаңбыр»

¾

сурет, жапсыру, құрастыру.

Денсаулық

¾

 дем алу жаттығулары: «көңілді жәндік»

¾

артикулациялық  жаттығу: ж –ж-ж-ж,з-з-з, шр-шр-шр

¾

 саусақ жаттығулары: «жәндіктер»

¾

көзге арналған

жаттығулар, сергіту сәті.

¾

қимылды ойын:

«Ара», «Қоңыз»

 

 

 

 

 

Жәндіктер әлеміне саяхат

1

слайд :«Жәндіктер әлеміне саяхат»

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме  құрметті ата- аналар

қонақтар, отбасылық қонақжайға қош келдініздер! Балалар айтындаршы, қазір

жылдың қай мезгілі?

Балалар:Көктем

2 слайд: Көктем суреті.

Жүргізуші:Дұрыс

айтасыңдар, олай болса «Көктем келді» әнің орындайық.

Жүргізуші:Балалар,

көктемде күн жылынып, қар ери бастайды жер көгеріп, алғашқы гүлдер өседі,

құстар ұшып келеді, аңдар ұйқыдан оянады. Жәндіктер жер бетіне шыға бастайды.

Балалар жәндіктер әлеміне саяхатқа 

барайық па?

Балалар:Иа

Жүргізуші:Олай

болса, сиқырлы папавозбен барайық

3: «Жәндіктер әлеміне саяхат»

Жүргізуші: Қараңдаршы, біз жәндіктер әлеміне келдік, ал енді отырып қарайық, кене

қандай жәндіктер көріп отырсындар? (экранға шығарады) балалар жауап береді.

·     

Жәндіктердің суреті.

Жүргізуші: Өте жақсы балалар, жәндіктер не істейді?

Балалар:

Ұшады, секіреді, жүгіреді.

Жүргізуші:

Жәндіктердің аяғы нешеу?

Балалар:2,

4, 6.

1-   ші

аялдама.

Жүргізуші:

Дұрыс айтасындар, ал қараңдар біз бірінші аялдамаға келдік.

4 слайд:

«Күн мен жаңбыр» ойынын ойнайық (балалар отырады)

2 – ші аялдама.Жұмбақтар жасыру, өлең айту.

Жүргізуші:

Ал енді біздің ата аналарымыздың жәндіктерге байланысты қандай жұмбақ біледі

екен сұрайық. Ал сендер мұқият тыңдаңдар, біз біз жұмбақты шешеміз.

1.  

 Бар жұмысы – ермегі

Талмай қанат қағады

Еңбекті қош көрмейді

Жат ыдысты бағады?   

(Шыбын)

Қарақат: Ызындап ән салам

                Жұп

– жұқа қанатым

               

Тәттіге тамсанам

               

Қоқысқа қонамын

2.  

Екі

басы жұдырықтай

Ортасы қылдырықтай   

(құмырсқа)

Жан: Менің атым құмырсқа

         

Шаршамаймын жұмысқа

          Дән

тасимын жаз бойы

          Дем

аламын мен қыста

3.   Тоқыған ауы – шыбынның жауы (өрмекші)

                   Қайсар: Мен өрмекші өрмелеп

                                  Өнерімді көрсетем

                                   Мынау ғажап

өрнекті

                                   Әдемі мен

тоқығам

4.  

Гүлдерге

қонады

Шырынын сорады

Түр – түсі сары ала

Бұл не?                     (ара)

 

Дария: Ылғи ұшып тынбаймын

             Шаң

тозанды жинаймын

             Әдемі

гүл өсірсең

             Саған

балды сыйлаймын

5.  

Қанаты

бар

Инедей денесі бар

Үлкен көздері бар

Бұл не екен кім табар?   

(инелік)

К.Инкар: Ұзын құйрық инелік

                

Инелікке тимелік

                

Тікұшақты жасадық

                

Инеліктен үйреніп

6.   Гүл ұшып гүлге қонады

Гүл бақшаң гүлге тонады   

(көбелек)

  Рамина: Көріп

жаздын қызығын

                 Гүлден гүлге қонамын

                

Гүлдің ерке қызымын

                

Гүлден өзім ауаймын

3.аялдама «Гүл – көбелек»

Жүргізуші: Жарайсыңдар

балалар, келесі аялдама «Гүл көбелек» ойынын ойнауға шақырады.

4.  

аялдама «Бәрінде анасы бар»

Жүргізуші: Балалар

білесіндер ме, аналардың да, жануарлардың да, құстар мен жәндіктердің деанасы

бар екен.Біздің бұл аялдама «Бәрінде анасы бар» деп аталады.Кәне ортаға

шығайық.

5.  

аялдама «Жәндікті құрастыр»

Жүргізуші: Келесі

аялдамаға жеттік: Ата - аналармен ойын ойнауға шақырады «Жәндікті құрастыр»

6.  

аялдама «Өткенге шолу»

Жүргізуші:жақсы рахмет

сіздерге балалар біз жәндіктерді білеміз,ол туралы мультфильм көрген

болатынбыз, түрлі ойындар ойнап, әңгіме ертегілерді тыңдадыңдар, олай болса

«Өткенге шолу» аялдамасы да келіп жеттік . Ата аналарымыз жәндіктерге

байланысты көрме ұйымдастырған болатын, сіздерге алғысымызды білдіреміз, ортаға

Алихан мен оның анасын шақырайық, олар бізге жәндіктердін  қандай пайдасы бар екенін айтып берсін.

7.  

аялдама «Қоңыздар ойыны»

Жүргізуші: Ал балалар

соңғы аялдамаға да жеттік. Ол сендерді «Қоңыздар» ойынын ойнауға шақырады.

Тосын сый.

Жүргізуші:Жарайсыңдар

балалар. Ал енді топқа оралайық. Қараңдаршы тосын сый мында көбелек келіп

сендерге өзінің сыйлықтарын сендерге тастап кетіпті, мен сендерге таратып

берейін.

Жүргізуші: Құрметті ата аналар, қонақтар осымен біздің отбасылық қонақжайымыз

аяқталды. Назарларыңызға рахмет, қош сау болыңыздар.

Просмотров: 1619


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст