Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының “Балдырған” №2 балабақшасы” МКҚК
ГККП «Детский сад №2 «Балдырған» города Степногорск при отделе образования по городу Степногорск Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз мейрамы!

27.03.2017

«Наурыз мейрамы!»

/ересек тобындағы ертеңгілік сценарийі/

Степногорск қаласы,

№2 Балдырған балабақшасының

музыкалық жетекшісі

Жумабекова Майра Еслямовна

Балалар залға ұлттық киімін киіп кіреді, орындарына барып тұрады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар! Кележатқан Жыл басы

наурыз мерекесі құтты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Бұл мерекені  бұл тойды бимен ашып берейік!

«Қазақша би»

музыкамен залға Көктем келеді.

Көктем:

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Ертіп қарын даланың

Жер бетіне гүл шашып

Сағынтып барша баланы

Келді Наурыз көктемі! 

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Көктем! Келгеніңіз жақсы болды, сізді өте күттік! Біздің балалармыз сізге арнап тақпақтар мен ән  айтып бергісі келеді! Тындап көріңіз!

Тақпақтар:

1бала

Көкке бояп өңірді

Көктем келді көңілді

Бау – бақшада, орманда,

Құстар әні төгілді!

2бала

Көктем, көктем көктемде

Құстар келіп жеткенде

Біз қуанып қаламыз

Әнмен қарсы аламаз!

3бала

Наурыз келдi елiме,

Наурыз келдi жерiме.

Байлық, бақыт тiлеймiн,

Бүкiл қазақ елiне.

4бала

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр- әніміз.

                                   «Наурыз келді алақай» әні

Көктем: Балалар, әндерін және тақпақтарын тамаша екен, рахмет маған өте ұнады. Ал сендер білесіңдер ме Наурыз мерекесінің  символының бірі, ол қызғалдақ гүлдері. Бұл гүлдер көктем келгенде  өседі.  Жер беті жасыл түске боянып гүлденеді, жаңарып кетеді, күн мен түн теңеліп елімізге жыл басы -Наурыз мейрамы келеді. Міне осы гүлдерді сендерге силаймын, осы гүлдер сияқты жайнап өсеберіндер балалар!

Жүргізуші: Рахмет саған Көктем, қызғалдақ гүлдері өте әдемі екен! Ал біз сізді бізбен бірге осы әдемі гүлдермен би билуге шақырамыз!

Музыкалық ойын «Гүлдер»

Көктем: балалар билеріне рахмет, мен енді басқа балаларға барайын, сау болындар! Кетеді.

Жүргізуші: балалар айтындаршы наурыз мерекесінде қандай көже пісіріледі?

Балалар: Наурыз көже!

Жүргізуші: Дұрыс балалар Наурыз көже, ал бұл тағамды бізге пісіруге әже көмектеседі.

Музыкамен

Әже келеді:

Әже: Сәлеметсіңдер балар!

Балалар: Сәлеметсіз бе әже!

Әже: Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа-жыл келді. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш сыйласын!

           Арпа, бидай, тары бар.

           Қатық, малта, ағы бар,

           Ішілетін, жейтінің,

           Бұ көжеде бәрі бар!

Наурыз көже 7 тағамнан пісіреді. Қандай тағамдар екенің маға айтып бересіңдер ме?

Тақпақтар:

5 бала

Наурыз тойы әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді

6 бала

Ашылды да кебеже

Дәм әзірлеу басталды

Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды

Бидай, күріш, тары бар

Бар сүр ет пен шұжығы

Ащы құрты тағы бар

Көже елдің ырзығы!

Жүргізуші: Олай болса әже наурыз көжені бірге пісірейік!

Эстафета «Наурыз көже әзірлеу»

Жүргізуші: Әже Наурыз мерекесінде ұлттық ойындар ойнайды ғой, қандай ойын ойнаймыз!

Әже: Олай болса мен ойын онауға өзімнің нерелерімді шақырайын! Кәне қайдасындар келеғойындар!

музыкамен залға Күнекей, Саққұлақ, Желаяқ,Таусоғар кіреді.

Күнекей: Мен Күнекеймін, күн нұрынан жаралған қызбын!

Саққұлақ: Ал мен Саққұлақпын! Мен кез келген жердегі дыбыстарды естимін!

Желаяқ: Ал мен Желаяқпын! Ұшқан құс, қашқан аң менен құтыла алмайды, мен бәріне жетіп аламын!

Таусоғар: Күшім бойыма сыймаған соң, таудың тастарын ары-бері қозғап, ойнап жүремін. Таусоғар деген батыр мен боламын.

Жургізүші: Қандай тамаша,бізге келгендеріне біз қуаныштымыз бізбен бірге қандай ойын ойнайсындар!

Күнекей:  Мен «киіз үй» деген ойын ойнағым келеді.

Саққұлақ: Ал мен асықтармен ойнағым келеді.

Желаяқ:  Ал мен арқан тартысып ойнағым келеді.

Таусоғар: Ал мен біле күшін жарысып ойнағым келеді «тақия тастамақ» деген ойын ойнағым

келеді.

Жүргізуші: Жарайды сендер бізбен бірге болындар, орындарына барып отыра беріндер, ал біз бұл ойындарды ойнаймыз!

«Киіз үй» ойыны

«Асықтар» ойыны

«Арқан тартысу» ойын

«Тақия тастамақ ойыны»

Жүргізуші: Балалар сендерге ойындар  ұнады ма? Әже енді біз сізден наурыз мерекесіне арнаы бата сұраймыз!

Әже: Берсем берейін батамды, ал тыңдаңдар, балалар!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Наурыз береке – бірлік әкелсін!

Айналайын дарын бала болыңдар!

Сөнбейтұғын жалын болыңдар!

Балдырған балабақшаның  нұры болыңдар! 

Ал енді балалар мен сендерге наурыз мерекесіне арналған шашуымды таратып берейін! Балаларға кәмпиттерді береді.

Ал енді менің кететім уақытым болды, қош сау болындар!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар осымен бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.

Келген жыл сіздерге шаттық әкелсін!

Отбастарыңызға бақыт әкелсін!

Келген жыл көтеріңкі көңіл сыйласын

Отанымызға шаттық өмір әкелсін

Мерекелеріңіз құтты болсын!Қош сау болындар!

Просмотров: 405


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст