Біздің №8 топта «Судағы – тіршілік әлемі!» тақырыбында жоба өтті.
Бұл жобаның мақсаты:
Балаларды Су -асты тіршілік әлемімен таныстыру, су асты жануарларына деген қамқорлық сезімдерін қалыптастыру.
Жобаның міндеттері:
Ø Балаларға судагы тіршілік ететін жануарлар жайлы мәлімет беру, жаңа дүниені танып білуге дағдыландыру ;
Ø Балалардың судагы тіршілік ететін жануарлар жайлы білуге қызығушылықтарын арттыру;
Ø Балаларды су асты жануарларына қамқорлық болуға тәрбиелеу;
Бұл жобаның мерзімі 1 ай. Осы уақыт ішінде көптеген жұмыстар өткізілді.
Атап кеткенде жобаны дайындау барысында балалармен мынадай жұмыс түрлері жүргізілді:
1. «Судағы –тіршілік әлемі!» тақырыбында шығармашылық әңгіме өткізілді.
2. «Алтын балық» ертегісі мультфильмін тамашалады.
3. «Аквариумдағы балықтар» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді.
4. Қаладағы «Балықтар»дүкені жертөлесіне саяхат.
Жобаны жүзеге асыруда ата аналардың көмегі де қажет болды. Ата аналардың көмегімен көптеген жұмыстар жүзеге асырылды.
Атап кеткенде:
Ø «Аквариумдағы балықтар» көрмесі. Яғни ата- аналармен бірге әр түрлі заттардан балықтар жасадық;
Ø «Таңғажайып су асты әлемі» тақырыптарында стен.газет , буклет жасалынды.
Ø «Менің қиялымдағы су асты әлемі» тақырыбында макет жасалынды.
Ø «Балықтар неге сөйлемейді?» ертегі құрастырылды
Ø «Су- асты әлемі» презентация
Жобаның қорытындысы ретінде балалардың және ата-аналардың қатысуымен 22.02.2017ж күні «Су асты әлеміне саяхат!» тақырыбында іс- шара өткізілді. Балалар мен ата-аналар іс-шараға өте белсене қатысып, өз мақсатыма жеттім! Ата-аналарға көп рахмет!