1-ші ақпанда № 9 ересек тобында «Ойнаймыз да оқимыз» атты отбасылық қонақжай өтті. Ата-аналар қазақ тілін оқыту бойынша балалармен жүргізілетін жұмыстардың негізгі бағыттарымен таныстырылды. Слайд арқылы сабақтарға шолу жасап шықты.
Ата-аналарға мынадай сұрақ қойылды: Қандай отбасы нағыз мықты тату отбасы атағына лайық?
Ата-аналардың ойынша отбасының ең басты құндылықтары бақыт, денсаулық, мейірім. Бұл рас, және барлық адамдар өз отбасын сондай болғанын қалайды. Бірақ отбасына денсаулық, мейірім, бақыт қону үшін көп еңбектену керек.
Сондықтан отбасылық қонақжайда ата-аналар мен балаларға үш есіктің артына жасырылған бақыт, мейірім, денсаулықты отбасыларына қайтару үшін көптеген Жалмауыз кемпірдің тапсырмаларын орындауға ұсынылды.
Отбасылық қонақжай барысында ата-аналар балалармен бірге әріптерден қазақша сөздер құрастырды, жұмбақтардың жауабын екі тілде айтып берді, орыс тілде берілген қазақ мақал-мәтелдерді аударып қазақ тілінде айтып берді. Сонымен қатар балалар қазақ биін билеп, екі тілде ән шырқады. Ал ұлттық ойын «Қыз қуу» ата-аналардың да балалардың да көңілінен шықты. Отбасылық қонақжай жақсы көңілменен өтті. Балалар тәтті сыйлықтармен марапатталды, ал ата-аналардың атынан Айдананың анасы Анар Сартаевна қазақ тілі мұғалімі Калайдарова Ботагоз Байкешевнаға және тәрбиешілер Эйдемиллер Людмила Леонидовна мен Кульчицкая Тамара Евгеньевнаға алғыс білдірді.