1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн біздің елдің тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні болып мәңгіге қалады және де жиырма жылдам астам уақыт ішінде мемлекеттік мереке ретінде тойланып келеді, сонымен қатар мемлкеттік бірлікті нығайтуға, қазақстандықтарды патриотизмге тәрбиелеуге ықпалын тигізеді. Мемлекеттік рәміздер – бұл сәйкестікті және егемендікті бейнелейтін әр мемлекеттің ажырамайтын атрибуты болып табылады. Қазақстан Респуликасында мемлекеттік рәміздер – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік әнұран болып табылады. Олар тарихты, қазіргі таңдағы байлықты болашаққа деген жоспарды нақты көрсете біледі. Ту, әнұран, Қазақстанның елтаңбасы – арқылы біздің республикамызды әлемде танып білуге негіз болады. Меелекеттік рәміздермен балалар балабақшадан таныса бастайды, бұл біздің еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет және мақтаныш!