Мектепке дейінгі жастағы балада, мектепке қажетті білім негіздері қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі баланы оқыту процесінде, ата-ананың да, мұғалімнің де басты күш-жігері, баланың қиындықтарды жеңуге, өз бетінше шешім іздеуге, қызығушылық танытуға жұмсалуға тиіс. Математика пәніне деген қызығушылығы мен білімін арттыру маңызды. Сонымен қатар математика балалар өміріне теория ретінде емес, әлемнің қызықты жаңа құбылыстарымен танысу ретінде енуі маңызды. Мұнда тұлғаның одан әрі дамуына мотивациялық негіз қаланады, танымдық қызығушылық қалыптасады, жаңа бір нәрсені үйренуге деген құлшыныс пайда болады. Тәрбиеші: Эйдемиллер Л.Л.