Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығымен бекітілген, тамыздың әр үшінші жексенбісінде Спорт күнін 2004 жылдан бастап атап өтеді. Ата-анасы және бала үшін ең қымбат нәрсе - ол оның денсаулығы. Денсаулықты сақтау - біз үшін, мектепке дейінгі балалар үшін ең маңызды жұмыс. Олардың физикалық және психикалық денсаулығы, дүниетанымы, ақыл-ойының дамуы, білімінің беріктігі және өз күшіне деген сенімі балалардың көңілділігі мен жігерлілігіне байланысты. Спорт күнінде біздің балабақшада дене шынықтыру нұсқаушысы А.Искакова «Бізге дене тәрбиесі денсаулық үшін маңызды!» Ұранымен спорттық фестиваль ұйымдастырып өткізді. Мереке барысында мектепке дейінгі топтардың балалары өзара ептілікпен, жылдамдықпен күш сынасты.