Ана тілім –елдігім,
Ана тілім-ерлігім.
Тілді биік құрметтеп,
Тойлап жатыр ел бүгін.
Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған онкүндік аясында № 5 және 9 мектепалды топтарында қазақ тілі мұғалімі «Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» тақырыптық сабақ өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты балаларға олардың Қазақстан Республикасының азаматтары екендігі туралы түсінік беру, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу, сол арқылы қазақ тілін үйренуге деген ынтасын дамыту, олардың бойында патриоттық, төзімділік және достық сезімдерін тәрбиелеу. Сабақ барысында балалар Қазақстан Республикасының Әнұранын тыңдап, ана тілі туралы өлеңдер оқыды. Сабақ саяхат түрінде ұйымдастырылды. «Халық даналығы» станциясында балалар мақал-мәтелдердің шығу тегі мен мағынасы туралы білді, өздері білетін мақал-мәтелдерді айтты. Осылайша Отан туралы орыс және қазақ тілдерінде мақал-мәтелдер айтылды. «Халық ойындары» станциясында балалар қазақтың жаңа «Соқыртеке» халық ойынымен танысты. Ойын өте көңілді және қызықты, сондықтан балаларға бірден ұнады. Балалар оның ережелерін оңай үйренді. «Халық байлығы – табиғат» станциясында балалар Қазақстан табиғаты туралы бейнеролик көрді. Олар туған өлкенің сұлулығына таң қалды, балалар өз эмоцияларын – қуаныш, таңданыс және мақтаныш сезімдерін жасырмады. Сабақ қызықты және танымды болды. Нәтижесінде балалар Қазақстан халықтарының Тілдер күні мерекесі және оның маңызы туралы тереңірек білді.