"Денсаулық" білім беру саласының мақсаты денсаулығы мықты, дене бітімі дамыған баланы тәрбиелеу, тәрбиеленушілердің бойында өз денсаулығына саналы түрде қарауды қалыптастыру болып табылады. Салауатты өмір салтын әдетке айналдыру мектепке дейінгі мекемелердің басты мәселесі. Мақсатымызға жету үшін біздің балабақшада түрлі іс-шаралар өткізіледі. Оның бірі денсаулық фестивалі.
Бағдарламада:
· Таза ауада өткізілетін таңғы жаттығу
· Күн тәртібінде (таңғы ас, түскі ас, тазалық, гигиена, дұрыс тамақтану туралы әңгімелеу, жұмбақтар жағылтпаштар, мақал-мәтелдер айту).
· 9.00-9.15 тыныс алу жаттығулары (ортаңғы топ)
· 9.30-11.00 спорттық іс-шара «Денің сау болсын, балақай» ересектер тобы
· 11.00-11.30 самокатпен жарысу, мектепалды топ
· Ата-аналарға арналған кеңес «Денсаулық «әліппесі»
· Онлайн көрме «Мен және спорт» тақырыбына сурет салу
Дене шынықтыру нұсқаушысы Искакова А.А.
/public/files/2020/9/27/270920_142357_vid-20200924-wa0006.mp4