Балабақшаның жылдық жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде барлық жас топтарында ZOOM интернет-платформасын қолдана отырып, ата-аналар жиналысы өткізілді. Кездесулерге дайындық барысында әдіскер Б.Б.Қалайдарова. тәрбиешілерге «ZOOM интернет-платформасын пайдаланып конференцияны қалай ұйымдастыруға және өткізуге болады» тақырыбында кеңес өткізілді. Орта топтардағы кездесулерде балабақша меңгерушісі Р.С.Сапарова сөз сөйледі, ол балабақша ережелерімен таныстырды, ата-аналардың назарын карантиндік шаралардың сақталуына аударды. Тәрбиешілер слайд-презентациялар дайындады, онда әртүрлі жастағы топтардағы балалармен жұмыс жасайтын мамандар ұсынылды. Сондай-ақ, жаңадан келген балалардың ата-аналарына балабақша арқылы виртуалды серуен көрсетілді. Бұл жұмыс түрі алғаш рет қолданылды, бірақ барлық қатысушылар ата-аналар жиналысының онлайн режимінде ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қанағаттанды.