Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының “Балдырған” №2 балабақшасы” МКҚК
ГККП «Детский сад №2 «Балдырған» города Степногорск при отделе образования по городу Степногорск Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Көңілдің кемпірқосағы" акциясы

08.10.2020

Ежелден бері кемпірқосақ ерекше бір сәттіліктің символы ретінде саналып келеді. Аспандағы әртүрлі түстес жарқыраған доғаны көрген жандардың бәрінің көздерін қуантып, көңіл-күйлерін көтеріп, проблемалар мен уайымдарын бір минутқа болса да, ұмытып кетуге мүмкіндік береді. «Егер таңертеңгілік аспанда кемпірқосақ жарқырап тұрса, онда сол күні бәрі оңай және бақытты болады» дейтін қарт адамдар. Бүгін таңертең психология онкүндігі аясында, балабақшаның психолог-педагог маманы Н.Кузьминова «Көңілдің кемпірқосағы» атты акция өткізді. Бұл акцияның негізгі басты мақсаты: өзіңізге, өзіңіздің көңіл-күйіңізге деген қызығушылықты ояту және оны басқаларға қалай әсер ететінін білу, балалардың эмоционалды жағдайын бақылау. «Көңілдің кемпірқосағы» акциясы ол балалардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар балалардың балабақшаға қандай көңіл-күймен келетіні туралы диагностикалық мақсатты көрсету. Өткізу барысында балалар мен ата-аналар бүгінгі ертеңгілік көңіл-күйге байланысты өз түстерін таңдап алды және де кемпірқосаққа жабыстырды. Сонымен қатар, ата-аналар күзгі ағаштан балалардың тәрбиелеуіне арналған бүкіл әлемнің ағартушыларының теңдесі жоқ мәлімдемелері жазылған қағаздарды алды.

Просмотров: 320


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст