Балабақшада сауаттылыққа тәрбиелеу – ол бастауыш мектепке жазуды және оқуды меңгеруге дайындалудың мақсатты, жүйелі процессі. Бастапқы кезеңде балаларға дауысты дыбыстарды естіп үйрету маңызды, бұл дыбыс құрылымының бұзылуын болдырмауға және оның дұрыс жазылуына көмектеседі. Дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуының арқасында айтылу мәнері, дикциясы қалыптасады. Дыбыспен танысу онымен сөйлеу арқасында жүзеге асырылады. Бүгін #9 мектепалды даярлық тобында тәрбиеші Л.Эйдемиллер сауаттылыққа байланысты «А" Дауысты дыбысының бекітілуі тақырыбында ұйымдасқан оқу іс-әрекетін өткізді. Сабақ барысында балалар дыбыстың сөздегі орнын анықтау дағдыларын қалыптастырды, «а» дыбысына сөздер құрастырды. Рефлексия жүргізген кезде балалардың өткізілген сабақтан жағымды эмоциялары байқалды.