Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының “Балдырған” №2 балабақшасы” МКҚК
ГККП «Детский сад №2 «Балдырған» города Степногорск при отделе образования по городу Степногорск Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балабақшадағы – қамыр пластикасы»

09.11.2020

   Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті және қызықты сабақтарының бірі ол – мүсіндеу болып табылады. Мүсіндеу әлемді және ол туралы идеяны кеңістіктегі пластикалық кескіндерді модельдеуге мүмкіндік береді. Бұл ең сезілетін көркем шығарманың бір түрі. Бала бұл жерде өзінің жасаған дүниесін көріп қана қоймай, оны қолымен ұстап көруге және қажет болған жағдайда оны өзгертуге мүмкіндік алады. Қазіргі уақытта ең көп танымалдалыққа ие болған қолданбалы өнердің декоративті түрі – ол тұзды қамырдан мүсін жасау. Тұзды қамырдан мүсін жасау – ол қамыр пластикасы, бұл арнайы дайындалған тұзды қамырдан әр түрлі күрделі деңгейдегі шығармашылық жұмыстар жасап, оны кейіннен көркемдеп өңдеу. Адамға осы материалдан өз бетінше жаңа және қызықты мүсіндеу жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар басқа да адамдардың жасаған мүсіндерін қызықтауға мүмкіндік алады. Адам-жаратушы өзінің шығармашылық процесінің қорытындысынан қуаныш алады. Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі Л.Эйдемиллер «Нан – бәрінің бастауы!» тақырыбында №9 топта қамыр пластикасының технологиясын қолдану арқылы сабақ ұйымдастырды. Балалар ойластырған жоспарларын қызығушылықпен орындады.

Просмотров: 359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст