Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының “Балдырған” №2 балабақшасы” МКҚК
ГККП «Детский сад №2 «Балдырған» города Степногорск при отделе образования по городу Степногорск Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біз ауладағы қар мен мұзды күрекпен тазалаймыз!»

16.11.2020

   Қыс – балалардың тағатсыздана күтетін сиқырлы мезгілі. Жылдың басқа кез-келген мезгілі оларды осылай таза ауада ойындар мен ойын-сауық түрлерімен қуанта алмайтын шығар. Қыста таза ауада ойындар мен ашық ойын-сауықтар балаларға үлкен қуаныш сыйлайды және олардың денсаулығына баға жетпес пайда әкеледі.Таза ауадағы белсенділік баланың иммунитетін көтереді ол әсіресе қысты аязды күндерде өте маңызды. Серуендеу кезінде баланың еңбек қабілетіне назар аудару қажет. Қыста балалар қар күреп, қардан неше түрлі ғимараттар жасап, ауыз үйді қардан тазалап, ауланы қардан тазалауға көмектеседі. Балалардың еңбектерін қызықты етіп жасауға тырысу қажет, оларға пайдалы дағдыларды үйрету керек. Еңбек тапсырмалары балалар жасай алатындай болуы керек және де сонымен қатар олардан белгілі бір күш-жігерді қажет етеді. Еңбек әрекеттерімен байланысты серуенде балалар табиғаттағы еңбек ойын немесе ойын-сауық емес, ауыр жұмыс екендігі туралы түсінік қалыптастырады. Осындай серуендеулерде балалар ұжыммен жұмыс жасауды үйренеді. Еңбек қорытындысы – ол барлығының бірге жасаған жұмыс қорытындысы.

Просмотров: 256


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст