Жалпы адамзаттық құндылықтар - бұл адамдарды нәсіліне, жынысына, біліміне, байлық деңгейіне және мәдени дамуына қарамастан біріктіреді. Бұл мейірімділік, қайірімділік, ізеттілік пен ар-намыс сезімі, тектілік, аға ұрпаққа деген құрмет, ұлттық рух, Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, әдептілік пен әділеттілік. Олар өз беделдерін жоғалтқан емес және жоғалтпайды да. Ал адамзаттың рухани мәдениетін қалыптастыратын басты құндылық – ол махаббат. Балаларға деген махаббат, ата-анаға, жақындарына, табиғатқа, туған жеріне, еліне деген махаббат... Мектеп алды даярлық тобында тәрбиеленушілермен «Махаббат - ол адамның ең басты қасиеті» атты әңгімелесу болып өтті. Балалар қызығушылықпен бір-бірлеріне жылы сөздер айтып, күндерінің сәтті өтуіне тілектес айтты, жақсы қасиеттерін атап өтті, түсініктеріне және қолдауларына рахметтерін айтты. «Қуаныш шарын сыйла» атты онлайн – акцияға №5,9 мектеп алды даярлық топ балалары қатысты. Балалар балабақша қызметкерлеріне жылы тілектер жазылған шарлар ұсынды. Акция барлық қатысқан адамдарға жақсы көңіл күй мен қуаныш сыйлады. Махаббат, Отбасы, Отан, Достық, туған жер табиғаты, сияқты қарапайым сөздер - бұл әр адам бағалай білетін мәңгілік адами құндылықтар. Тәрбиешілер: Наймушина М.Л., Дашевская Е.С.